"Микрофоны қолынан түсіп кетті": Төреғали Төреәлінің стадиондағы әрекеті тағы да сынға қалды

Әнші Төреғали Төреәлі тағы да көпшіліктің сынына ұшырады. Бұл жолы желі қолданушылары оның Алматыдағы Орталық стадионда өткен “Қайрат” пен “Қызылжар” матчындағы үзіліс кезіндегі өнерін талқылап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әнші футболшылар алаңға шыққанға дейін бірнеше хит әнін орындауы керек болған. Көрермендер оны асыға күткенімен, кейін әлеуметтік желіде тараған видеолар көпшіліктің әртүрлі пікірін тудырды.
Желі қолданушыларының айтуынша, әртістің сахнадағы қимылы біртүрлі көрінген. Кейбірі оның жүрісі сенімсіз болғанын, әрекеттері үйлеспегенін жазып жатыр. Тіпті бір сәтте қолындағы микрофон түсіп кеткені де видеодан байқалады.
ОқыңызСонымен қатар бірқатар көрермен әншінің фонограмма қолданған болуы мүмкін екенін алға тартты. Олардың сөзінше, кей тұста әншінің аузы жабық тұрса да, дауыс естіле берген.
“Ішіп алған ба?” – деп жазды олар.
Видео желіде қызу талқыланып, көпшілік тарапынан сын көбейді. Пікір қалдырғандардың бірі “шара қолданатын уақыт жетті” десе, енді бірі “мұндай сахналық мәдениетке жол бермеу керек” деп жазған.
Әзірге әншінің өзі бұл жағдайға қатысты пікір білдірген жоқ.