Шахмұрат Мүтәліп пен Нұрлан Жақыпов ERG компаниясының басқарушылар кеңесінің құрамына кірді

Шахмұрат Мүтәліп пен Нұрлан Жақыпов ERG компаниясының менеджерлер кеңесінің құрамына кірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліп пен "Самұрық-Қазына" қорының төрағасы Нұрлан Жақыпов ERG S.à r.l. компаниясының менеджерлер кеңесінің құрамына енді. Eurasian Resources Group сайтында олар "Қазақстан Республикасының өкілдері" бөлімінде кеңес мүшелері ретінде көрсетілген.
ERG S.à r.l. менеджерлер кеңесінің құрамында Қазақстанның төрт өкілі көрсетілген:
- Шухрат Ибрагимов – ERG S.à r.l. менеджерлер кеңесінің төрағасы әрі бас атқарушы директор;
- Шахмұрат Мүтәліп – менеджерлер кеңесінің мүшесі, "Integra Construction KZ" ЖШС басшысы;
- Роман Скляр – менеджерлер кеңесінің мүшесі және Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы (осы жылдың мамыр айынан бастап);
- Нұрлан Жақыпов – менеджерлер кеңесінің мүшесі әрі "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы.
Бұған дейінгі ақпаратқа сәйкес, Роман Скляр бұл қызметке бірінші вице-премьер лауазымында болған кезінде тағайындалып, сол кезде ол Серік Жұманғаринді алмастырған. Сол уақытта басқарушылар кеңесінің құрамында қаржы министрі Мәди Тәкиев те болған.
Ал Шухрат Ибрагимов ERG-дің негізін қалаған үш тұлғаның бірі Алиджан Ибрагимовтың ұлы әрі мұрагері.
23 мамырда кәсіпкер "Integra Construction KZ" ЖШС-нің иесі Шахмұрат Мүтәліп ERG компаниясындағы Патох Шодиев пен Александр Машкевичтің үлестерін сатып алған еді. Мұтәліпке тиесілі Nature Energy Solutions Ltd. компаниясы топтың 39,3% акциясын иеленді.
Бұған дейін, 20 наурызда "Еуразиялық Топ" ЖШС-нің бас директоры Серік Шахажанов өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты. Оның орнына Абылай Сәденов тағайындалды.
Кейінірек ERG-дің қазақстандық компаниясынығ бас атқарушы директоры қызметіне Құдрәт Шамиев келгені белгілі болды. Ол – Шахмұрат Мүтәліпке байланысы бар "Integra Construction KZ" ЖШС-нің бақылау кеңесінің төрағасы.
Қаскелеңдегі атышулы құпия ит сою орны мен ет тасымалы: Істің 1 жылдан кейін тоқтатылғаны белгілі болды
Оқыңыз