Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда кемпинг пен көкке шығуға қажет тауарлардың сатылымы 25% өсті – Wildberries сарапшылары

Пикник
Фото: freepik.com

Wildberries сараптама қызметі мамырдағы ұзақ демалыстар қарсаңында қала сыртындағы демалысқа арналған тауарларға деген сұраныс артқанын байқады. 2026 жылдың сәуірінде "Демалыс және кемпинг" категориясындағы сатылым былтырмен салыстырғанда 25% өскен. 

Газ гриліне деген сұраныс бірден 600% артқан. Осылайша ол аксессуарлар арасында көш бастады. Сондай-ақ қазақстандықтар саяжай заттарын жаңартып, жер телімдерін нағыз лаундж аймаққа айналдыруды қолға алған. Ал бұрынғы "кәуап дайындауға шығу" форматы эстетикалық тұрғыдан ойластырылған демалысқа айналды.  

 

Табиғат аясына шыққан қазақстандықтар нені таңдайды

Саяжайдағы жайлы және эстетикалық кештер ұйымдастыруға қажет шезлонгтардың сатылымы 200%, ошақ жағатын темір ыдысқа сұраныс 220%, аспалы әткеншекке сұраныс 11 есе өскен. 

Бұдан кейінгі орында: 

  • Ағаш көмірі +176%;
  • Отын +100%;
  • Классикалықшампур +72%;М
  • Мангал +51%.
Тауарлар өсімі
Фото: Stan.kz

Сонымен қатар қазақстандықтар табиғат аясындағы демалыста балаларды қуанту үшін пиньятаны (тәтті салынған қағаз ойыншық) (+114%) көбірек алады. Ал табиғат аясындағы таңын дрип-пакеттегі кофемен (+102%) немесе гейзерлік кофеқайнатқышта (11%) дайындалған сергітетін сусыннан бастайды. 

 

Аймақтар бойынша сұраныс қандай?

Wildberries сарапшшылары қай аймақта қандай тауарға сұраныс артқанын да анықтап көрді:

Қай аймақта не сатып алады
Фото: Stan.kz

Қазақстанда халық тауға шықса да, көл не өзен жағасына барса да, демалысын толыққанды ойластырады. Қазір саяхатқа арналған душқа сұраныс 56%, шатырға сұраныс 30%, үрлемелі жиһазға сұраныс 14% өскен. Тіпті кремдер мен жәндіктерге қарсы спрей сатылымы 35% артты, ал шіркейден қорғайтын тор сатылымы 5% өсті. 

 
"Тауар категориясының бірден 25% өсуі – Қазақстанда табиғаттағы демалыс сапасының өзгергенінің көрсеткіші. Қазір нарықта бұрын-соңды байқалмаған эстетикалық әдемілік, жайлылық пен демалыстың жаңа түрлері пайда болғанын көріп отырмыз", – деді Wildberries-тің демалысқа арналған тауарлар категориясын дамыту бойынша Қазақстандағы менеджері Камила Дедёкина.
Назархан Уән
Бейсенбі, 30 Сәуір, 2026 15:58