Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Боранбаев "Қайрат" футбол клубын қанша теңгеге сатып алғанын айтты

Қайрат Боранбаев
Фото: instagram.com/kairat4

“Қайрат” футбол клубы бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев Zamandas подкастына берген сұхбатында алматылық клубты қаншаға сатып алғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бизнесмен футбол клубымен 2013 жылы “ҚазРосГаздан” кеткеннен кейін айналыса бастаған. Бастапқыда клуб қала балансында болған, ал кәсіпкер екі жыл бойы оның демеушісі болған. Кейін команда қайтадан соңғы орынға түсіп қалғанда, олар клубты басқаруға алып, онымен толыққанды айналысу жөнінде ұсыныс жасаған.

“Біз қалаға клубтың 70%-ын сатып алуды ұсындық. Қала тарапынан қойылған шарт мынадай болды: клубқа қатысты барлық шығынды толық өзіміз қаржыландырамыз. Ал 30%-ы қалада қалатын болды. Мен де өз тарапымнан қарсы шарт қойдым: егер қаржыландыруды толық мойнымызға алсақ, қала футбол клубының басқару ісіне араласпайды”, – деді ол.

Кәсіпкердың айтуынша, бұл қағида бүгінге дейін сақталып келеді.

Бастапқыда клубтың 70%-ы “ҚазРосГаз” компаниясы арқылы сатып алынған. Бірақ кейін, 2014 жылы, басқарушы бас компания тарапынан бейінді емес активтердің бәрін сату туралы шешім шыққан.

“Сол кезде мен “ҚазРосГазға” клубқа қатысты қолындағы барлық активті сатып алуды ұсындым. Олар барлық шығынды есептеді, мен сол шығындарды ескеріп, активтерді сатып алдым.

Ол сондай-ақ футбол клубын қанша теңгеге сатып алғанын да айтып берді. 

Жоқ, 16 миллион доллар. Мен оны “ҚазРосГаздан” 16 миллион долларға сатып алдым. Өйткені алдымен “ҚазРосГаз” клубты әкімдіктен сатып алған, екі миллион долларға дейін қарызымен бірге алған. Ал мен “ҚазРосГаздан” кеткеннен кейін клубты сол компаниядан сатып алдым”, – деп жауап берді ол.

Айта кетейік, 16 миллион доллар – қазіргі бағаммен шамамен 7,38 миллард теңге.

2000 жылдары клубты “Қазақстан темір жолы” компаниясы қаржыландырды. Алайда компания кеткеннен кейін “Қайрат” қарызға батып, берешегі шамамен 2 миллион долларға жетті. Тіпті клуб Бірінші лигаға түсіп қалған кезі де болды.

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 30 Сәуір, 2026 16:20