Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әр тұрғынға 2 миллион теңгеге дейін: Қазақстан қалалары 2026 жылы қанша қаржы жұмсайды

ақшаФото: Stan.kz 

Қазақстан қалаларының 2026 жылға арналған бюджеті белгілі болды. Миллиардтар бөлінгенімен, олардың қалай жұмсалатыны әр қалада әртүрлі. Бірінде қаржы инфрақұрылымға кетсе, енді бірінде қомақты бөлігі жоғары бюджетке аударылады. Осы орайда Stan.kz ақпарат агенттігі бір жылға бөлінген қаржы көлемі мен халық санын анықтап көрді. 

Ең көп қаржы үш мегаполиске бөлінген

2026 жылы ең көп қаржы Астана, Алматы және Шымкент қалаларына бөлінген. 

Мәселен, Астананың 2026 жылға арналған бюджеті 1 триллион 360 миллиард 833 миллион теңге болды. Ал қала халқының саны – 1 638 233 адам.  Әр тұрғынға шамамен 830 674 теңгеден келеді 

Сонымен қатар қомақты қаржының нақты қай бағыттарға жұмсалатынын анықтадық. Бұл қаржы мына салаларға бағытталған: 

  • Инфрақұрылым және жолдар – 79,1 миллиард теңге;
  • Көлік инфрақұрылымы – 15,3 миллиард теңге;
  • Жол жөндеу – 9,1 миллиард теңге;
  • Энергетика және ТКШ – 23,7 миллиард теңге;
  • Әлеуметтік сала – 34,6 миллиард теңге;
  • Нақты секторды дамыту – 42,6 миллиард теңге;
  • Кәсіпкерлік және бағаны тұрақтандыру – 4 миллиард теңге;
  • Тұрғын үй және реновация – 20 миллиард теңге;
  • Абаттандыру – 10,5 миллиард теңге;
  • Әлеуметтік міндеттемелер – 14,5 миллиард теңге.

Ал Алматының 2026 жылға арналған бюджеті – 2,5 триллион теңге. Шаһардағы халық саны – 2 347 924 адам. Әр тұрғынға шамамен 1 миллион 64 900 теңгеден келеді. Мұнда ең көп қаржы көлік жүйесін жетілдіруге бөлінген:

  • Көлік жүйесін жетілдіру – 504 миллиард теңге;
  • Инженерлік желілерді жаңарту – шамамен 400 миллиард теңге;
  • Қаланы көріктендіру – 270 миллиард теңге;
  • Білім беру – 487,2 миллиард теңге;
  • Денсаулық сақтау – 88,2 миллиард теңге;
  • Әлеуметтік қолдау – 149,9 миллиард теңге;
  • Мәдениет және спорт – шамамен 110 миллиард теңге.

Үшінші мегаполис, яғни Шымкент қаласының 2026 жылға арналған бюджеті – 818 миллиард 300 миллион теңге. Қала халқының саны – 1 293 648 адам. Әр тұрғынға шамамен 632 500 теңгеден келеді. 

Ал қомақты қаражат бөлінетін салалар мыналар: 

  • Білім беру – 344,3 миллиард теңге;
  • Әлеуметтік қолдау – 46,1 миллиард теңге;
  • Денсаулық сақтау – 18,5 миллиард теңге;
  • Мәдениет, спорт, туризм – 30 миллиард теңге;
  •  Аудандарды қаржыландыру – 34,6 миллиард теңге;
  • Аудан әкімдіктері – 2,4 миллиард теңге;
  • Санитарлық тазалық – 23,5 миллиард теңге;
  • Көше жарығы – 68,2 миллиард теңге;
  • Абаттандыру, көгалдандыру – 8,5 миллиард теңге;
  • Қаланы дамытуға – 56,6 миллиард теңге;
  • Нефрология орталығы – 916,2 миллион теңге;
  • Мектеп құрылысы – 9,9 миллиард теңге;
  • Әлеуметтік нысандарды жаңғырту – 1,5 миллиард теңге. 
бюджет
Фото: Stan.kz

Бюджеті орта деңгейдегі қалалар қайсы?

Бұл көшті Атырау қаласы бастайды. Атырау қаласының бюджеті биыл 650 миллиард 754 миллион 908 мың теңге болып бекітілген. Халық саны 328 541 адам. Әр тұрғынға шамамен 1 миллион 981 000 теңгеден келеді.

Жалпы қалаға биыл бөлінген бюджет мына мақсаттарға жұмсалмақ: 

  • Бюджеттік алулар – 512 395 056 мың теңге.
  • Құрылыс саласына – 42 325 668 мың теңге;
  • Жол инфрақұрылым саласына – 31 530 569 мың теңге;
  • Коммуналдық салаға – 28 866 294 мың теңге;
  • Әлеуметтiк қамсыздандыру саласына – 6 872 179 мың теңге;
  • Мәдениет және спорт саласына – 4 827 419 мың теңге;
  • Қарыздарды өтеу – 2 606 019 мың теңге;
  • Басқа да шығындар – 21 миллиард 331 миллион 704 мың теңге.

Ал екінші орынды Павлодар қаласы иеленеді. Қаланың 2026 жылға арналған бюджет жобасында 475 миллиард 946 миллион 200 мың теңге сомасына жылдық қаржыландыру көлемі көзделген. Қалада халық саны 345 324 адам. Әр тұрғынға шамамен 1 миллион 378 000 теңгеден келеді.

Ал үшінші орында Қарағанды қаласының бюджеті. Бұл қаланың 2026 жылға арналған бюджетінің көлемі 271 миллиард 177,9 миллион теңге. Халық саны 533 314 адам. Әр тұрғынға шамамен 508 400 теңгеден келеді.

Қарағанды қаласы әкімдігінің мәліметінше, 2026 жылға арналған қала бюджеті келесі бағыттарда жұмсалады:

  • әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру – 14 миллиард 764,3 миллион теңге;
  • мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік – 11 миллиард 748 миллион теңге;
  • көлік және коммуникация – 30 миллиард 280 миллион теңге;
  • қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі – 1 миллиард 063,2 миллион теңге;
  • қорғаныс – 229 миллион теңге;
  • тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 65 миллиард 437,7 миллион теңге;
  • отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану – 7 миллиард 569,7 миллион теңге;
  • борышқа қызмет көрсету – 3 миллиард 145,2 миллион теңге;
  • трансферттер – 112 миллиард 320,2 миллион теңге;
  • қарыздарды өтеу – 4 миллиард 549,4 миллион теңге;
  • басқалар – 20 миллиард 071,2 миллион теңге.

Ең ірі шығыс – 352,5 миллиард теңге, яғни қала кірісінің 74%-дан астамы облыстық бюджетке аударылады.

Қала құрамындағы ауылдар мен кенттерге бөлінетін қаржы айтарлықтай аз, бар жоғы  1,76 миллиард теңге. Бұл қаржы Қаражат Атамекен, Кенжекөл, Павлодар ауылы, Жетекші және Мойылды ауылдарының бюджеті. Қалғаны: 

  • Жол жөндеу – 1,23 млрд теңге; 
  • Абаттандыру мен көгалдандыруға 326,4 миллион теңге; 
  • көшелерді жарықтандыруға 46,1 миллион теңге (тек Жетекші ауылында); 
  • мәдениет ұйымдарын ұстауға 78,5 млн теңге бөлінген.
  • Жергілікті органдардың күрделі шығындарына 19 миллион теңге; 
  • Кенжекөлдегі жолдарды күтіп ұстауға 98,7 миллион теңге қарастырылған.

Тізімде төртінші Ақтөбе қаласының бюджеті, яғни 201 434 667 100 теңге. Халық саны 598 558 адам. Әр тұрғынға шамамен 336 500 теңгеден келеді.

Ақтөбе қаласының 2026 жылға арналған бюджетінде де қаражаттың нақты бөлінісі толық көлемде жарияланбаған. Соған қарамастан, бюджет қаражаты дәстүрлі түрде мына бағыттарға жұмсалады:

  • әлеуметтік қолдау және халыққа қызмет көрсету;
  • тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және қала тазалығы;
  • абаттандыру және көгалдандыру;
  • жолдарды жөндеу және көлік инфрақұрылымын дамыту;
  • жоғары бюджетке аударымдар мен қаржылық міндеттемелерді орындау;
  • инфрақұрылымдық және құрылыс жобалары.

Бұл бестікті Өскемен қаласына бөлінген қаржы көлемі жабады. Өскемен қаласы әкімдігінің мәліметінше, өңір бюджетінің 2026 жылға арналған шығыстары 154,1 миллиард теңге көлемінде. Халық саны 360 663 адам. Әр тұрғынға шамамен 427 200 теңгеден келеді. Ал қаржы мына мақсаттарда жұмсалады екен: 

  • Инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы – 19 миллиард теңге;
  • Бюджетаралық міндеттемелер – 100,2 миллиард теңге;
  • Көлік және жолдар – 17,7 миллиард теңге;
  • Әлеуметтік сала – 9,4 миллиард теңге;
  • Резерв және қаржылық активтер – 4,8 млрд теңге;
  • Жалпы шығыс – 154,1 млрд теңге.

Бюджеті төмен немесе шағын қалалар

Бұл көшті 146 миллиард теңге бюджетімен Орал қаласы бастайды. Ал халық саны 366 125 адам. Әр тұрғынға шамамен 398 800 теңгеден келеді. Қала әкімдігінің мәліметінше, негізгі шығындар мына бағыттарда жұмсалады: 

  • Әлеуметтік сала – 5,4 миллиард  теңге;
  • жоғары бюджетке қарызды өтеу – 15,9 миллиард теңге;
  • облыстық бюджетке аударымдар (бюджеттік алулар) – 55,5 миллиард  теңге;
  • санитарлық тазалық – 3,8 миллиард  теңге;
  • абаттандыру және көгалдандыру – 1,9 миллиард  теңге;
  • жолдарды күтіп ұстау – 796 миллион теңге;
  • қоғамдық көлікті субсидиялау – 5,9 миллиард  теңге;
  • Даму және ірі жобалар – 49 миллиард  теңге;
  • тұрғын үй сатып алу – 20,7 миллиард  теңге;
  • жылу, су және кәріз жүйелерін жаңғырту – 19,4 миллиард  теңге;
  • әлеуметтік салаға қосымша қолдау – 2 миллиард теңге;
  • газ және су жүйелерін дамыту – шамамен 2,6 миллиард теңге.

Оған қоса ауылдар мен кенттерге де қомақты қаржы бөлінеді. Мәселен: 

  • Зашаған – 1,1 миллиард теңге;
  • Желаев – 114,5 миллион теңге;
  • Круглоозерное – 236,7 миллион теңге;
  • Дерқұл – 397 миллион теңге.

Ал екінші Қостанай қаласының бюджеті 137 миллиард 300 миллион теңге. Қала халқы 277 063 адам. Әр тұрғынға шамамен 495 500 теңгеден келеді. 

Қостанай қаласының 2026 жылға арналған бюджетінде қаражаттың нақты бағыттар бойынша толық бөлінісі ашық дереккөздерде егжей-тегжейлі көрсетілмеген.

Дегенмен қолжетімді мәліметтерге сүйенсек, бюджет қаражаты негізінен келесі бағыттарға жұмсалады:

  • әлеуметтік сала – халыққа әлеуметтік көмек көрсету, білім мен мәдениет саласын қолдау;
  • тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – қаланы тазалау, абаттандыру, көгалдандыру;
  • жол және көлік инфрақұрылымы – жолдарды жөндеу, қоғамдық көлікті субсидиялау;
  • міндетті төлемдер – жоғары бюджетке аударымдар және қарыздарды өтеу;
  • даму жобалары – құрылыс және инженерлік инфрақұрылымды дамыту.

Түркістан қаласының 2026 жылға арналған бюджет көлемі 112 миллиард 399 миллион 858 мың теңге. Осылайша Түркістан қаласы үшінші орынға жайғасты. Ал Халық саны 245 522 адам екені анықталды. Әр тұрғынға шамамен 457 700 теңгеден келеді. 

Сонымен қатар биыл қала бюджетіне түскен қаржы мына бағыттарда жұмсалады: 

  • Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 41 миллиард 347 миллион 90 мың теңге;
  • Көлік және коммуникация – 17 миллиард 430 миллион 290 мың теңге;
  • Қарыздарды өтеу – 25 миллиард 974 миллион 543 мың теңге;
  • Басқа шығындар – 12 миллиард 214 миллион 448 мың теңге;
  • Әлеуметтік көмек және қамсыздандыру – 5 миллиард 94 миллион 19 мың теңге;
  • Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік – 2 миллиард 788 миллион 389 мың теңге;
  • Трансферттер – 2 миллиард 895 миллион 670 мың теңге;
  • Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер – 1 миллиард 798 миллион 324 мың теңге;
  • Борышқа қызмет көрсету – 1 миллиард 748 миллион 839 мың теңге;
  • Өнеркәсіп, сәулет және құрылыс – 610 миллион 168 мың теңге;
  • Отын-энергетика кешені – 346 миллион 410 мың теңге;
  • Ауыл, су, орман және экология – 75 миллион 397 мың теңге;
  • Қорғаныс – 57 миллион 960 мың теңге;
  • Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік – 18 миллион 311 мың теңге. 

Көкшетау қаласының 2026 жылға арналған бюджетінің жалпы көлемі (трансферттерді есепке алмағанда) 88 миллиард 454 миллион 746 мың теңге. Халық саны 185 619 адам. Әр тұрғынға шамамен 476 500 теңгеден келеді. 

Көкшетау қаласы әкімінің аппаратының мәліметінше, бюджет қаражаты қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған. Негізгі шығындар:

  • жоғары тұрған бюджетке берілетін бюджеттік алып қоюлар мен міндеттемелерді орындауға;
  • жергілікті атқарушы органның борыштық міндеттемелеріне қызмет көрсетуге; 
  • әлеуметтік саланы дамытуға және халыққа әлеуметтік көмек көрсетуге; 
  • мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз етуге және еңбекақы төлеуге; 
  • тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту мен күтіп ұстауға; 
  • қаланың санитарлық тазалығы, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына; 
  • көшелерді жарықтандыру мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге; 
  • көлік инфрақұрылымын дамытуға және жолаушылар тасымалын субсидиялауға; 
  • субвенциялар беруге; 
  • даму жобаларын іске асыруға және өзге де шығыстарға кетеді.

Сонымен қатар әкімдік қаржыландыру бекітілген бюджет шеңберінде және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылатынын мәлімдеді. 

Петропавл қаласының 2026 жылға бекітілген бюджеті 87,5 миллиард теңге. Халық саны 222 115 адам. Әр тұрғынға шамамен 393 900 теңгеден келеді. 

Қала әкімдігінің мәліметінше, бұл қаржы мына бағыттарға жұмсалады: 

  • Құрылыс саласы – 8,8 миллиард теңге;
  • Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласы – 17,8 миллиард теңге;
  • Әлеуметтік қорғау – 3,6 миллиард теңге;
  • Мәдениет, спорт, БАҚ – 0,9 миллиард. теңге;
  • Бюджеттік алулар – 44,1 миллиард теңге;
  • ЖАО-ның жоғары тұрған бюджет алдындағы борышын өтеу – 8,7 миллиард теңге;
  • Басқа әкімшілер – 3,6 миллиард теңге.

Ал ең төменгі бюджет Ақтау қаласында қарастырылған. Өңір билігінің мәліметінше,  биылға арналған бюджет көлемі 39 миллиард 700 миллион теңге. Халық саны 298 662 адам. Әр тұрғынға шамамен 132 900 теңгеден келеді. 

Бұл қаржы: 

  • 4,9 миллиард теңге – республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттер;
  • 34,8 миллиард теңге – жергілікті бюджет қаражаты.

Қаланың 2026 жылғы бюджеті негізінен әлеуметтік қолдау, қала инфрақұрылымы мен тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытуға бағытталған.

9,6 миллиард теңге әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған. Атап айтқанда:

  • аз қамтылған азаматтарға жәрдемақы мен тұрғын үй көмегі;
  • мүгедектігі бар адамдарды оңалту және техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
  • қоғамдық көлікте жеңілдіктер беру;
  • мәдениет, спорт және жастар саясатын қолдау.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолдар – 20,5 миллиард теңге. Ең ірі шығын осы салаға тиесілі. Қаражат:

көшелерді жарықтандыру, санитарлық тазалық пен абаттандыруға;

  • жолдарды күтіп ұстау және жөндеуге;
  • көгалдандыруға;
  • тұрғын үй сатып алуға;
  • қоғамдық көлікті субсидиялауға бағытталады.

Инфрақұрылымды дамыту бюджеті – 3,4 миллиард теңге. 

Басқа шығындар – 1,3 миллиард теңге. 

Шетелдегі ірі қалалардың бюджеті қанша?

Қазақстан қалаларының бюджетін шетелдік ірі қалалармен салыстырып көрдік. 

Мәселен, Польшаның Варшава қаласы мен Астананы салыстырсақ. Варшава қалалық кеңесі 2026 жылға арналған бюджетті бекітіп, оның жалпы көлемі 28 млрд злотый (3,5 триллион теңге) болған. Ал халық саны 1 863 056. Әр тұрғынға шамамен 1 880 000 теңгеден келеді. Бұл елорда тұрғындарынан бір есе көп көрсеткіш. Ал Варшаваның бюджеті Астанадан шамамен 2,7 есе көп. 

Халық саны ұқсас екі қаланың бюджеті арасындағы алшақтық олардың экономикалық әлеуетінің әртүрлі екенін көрсетеді.

Чикаго мен Алматы

Чикаго
Фото: americaonline

Ал Алматы бюджеті мен АҚШ-тың ірі қаласы Чикагоның бір жылдық қаржысын есептеп көрсек. Биыл Чикаго қаласының мэрі Джонсон Брэндон 2026 жылы шаһарға 16,6 миллиард доллар (7 триллион 772 миллиард 950 миллион теңге) қаржы бөлінетінін айтқан. Ал Aznations сайтының дерегінше, АҚШ-тың Чикаго қаласында халық саны 2 664 452 адам. 

Ал Алматының 2026 жылға арналған бюджеті – 2,5 триллион теңге. Шаһардағы халық саны – 2 347 924 адам. 

Жалпы бюджет көлемін салыстырғанда, Чикагоның қаржысы Алматыға қарағанда жоғары. Алайда жан басына шаққанда екі қаладағы бюджет айырмашылығы онша үлкен емес. Екеуі де ірі мегаполис ретінде ұқсас деңгейде қаржыландырылып отыр. Мәселен, жан басына шаққанда Чикагода шамамен 6 230 доллар (2,9 млн теңге), ал Алматыда шамамен 1,06 миллион теңге.

Тбилиси
Фото: tripplanet.ru

Үшінші мегаполис Шымкенттің бір жылға арналған 818 миллиард 300 миллион теңге бюджетін Грузия астанасы Тбилиси қаласымен салыстырып көрсек. Тбилисидің 2026 жылға арналған бюджетінің жалпы көлемі – 2,2 миллиард лари (379 млрд 363 млн 600 мың теңге). Ал халық саны 1 миллион 330 мың. Бұл елде әр тұрғынға шамамен 285 000 теңгеден. 

Екі қалада халық саны шамалас болғанымен, Шымкент бюджеті Тбилисиге қарағанда едәуір жоғары. Жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі де екі есе көп.

Люблин
Фото: kidsinthecity.pl

Мәселен, Қазақстанның Атырау қаласын Польшаның Люблинімен салыстыруға болады. Екі қаланың да халық саны шамалас: Атырауда 328 мың адам тұрса, Люблинде шамамен 340 мың тұрғын бар.

Алайда бюджет көлемінде айырмашылық айқын байқалады. Атыраудың бюджеті 650,7 миллиард теңге болса, Люблиннің жылдық бюджеті шамамен 3,8 миллиард злотый (1 трлн 849 млрд теңге). Мұны жан басына есептегенде бір тұрғынға шамамен 5 438 000 теңге жұмсалады. 

Бұл халық саны ұқсас болғанымен, еуропалық қаланың бюджеттік мүмкіндігі әлдеқайда жоғары екенін көрсетеді. Мұндай айырмашылық экономиканың әртараптануы, салық базасының кеңдігі және қаржы жүйесінің ерекшеліктерімен байланысты.

бюджет
Фото: Stan.kz

Мәселен, Қазақстанның Петропавл қаласын Түркияның Чорлу қаласымен салыстырсақ. Екі қаладағы халық саны шамалас: Петропавлда 222 мың адам тұрса, Чорлуда шамамен 210 мың тұрғын бар.

Алайда бюджет көлемінде айырмашылық байқалады. Петропавлдың 2026 жылға арналған бюджеті 87,5 миллиард теңге (жан басына 393 900 теңге). Ал Чорлу қаласының муниципалдық бюджеті шамамен 6 785 800 000 түрік лирасы (70 миллиард теңге) деңгейінде. Ал бұл қалада бір адамға 333 000 теңгеден келеді. Бұл нәтижеге қарап екі елдегі қаланың жан басына шаққандағы қаржысы шамалас екені байқаймыз. 

Жешув
Фото: vsitury.com.ua

Ал Көкшетау қаласын Польшаның Жешув қаласымен салыстыруға болады. Екі қаладағы халық саны өте жақын: Көкшетауда 185 мың адам тұрса, Жешувта шамамен 198 мың тұрғын бар.

Алайда бюджет көлемінде айырмашылық байқалады. Көкшетаудың 2026 жылға арналған бюджеті 88,4 миллиард теңге. Ал Жешув қаласының жылдық бюджеті шамамен 3 млрд злотый (1 трлн 153 млард 710 млн теңге) шамасында. Ал жан басына есептегенде бір адамға 5 827 000 теңге кетеді. Ал Көкшетаудың бір тұрғынына 476 500 теңге кетеді. 

Бұл халық саны ұқсас болғанымен, еуропалық қаланың қаржылық мүмкіндігі әлдеқайда жоғары екенін көрсетеді. Мұндай айырмашылық салық базасының кеңдігі мен экономиканың даму деңгейіне байланысты.

2026 жылғы бюджетті есептеу тізіміне Мәскеу, Бейжің, Ташкент және Бішкек қалаларын да қостық. 

Мәскеу қаласының биылға есептеген бюджеті 447,6 миллиард рубль (2 трлн 327 млрд 520 млн теңге). Ал халық саны 13,3 миллион адам. Әр тұрғынға шамамен 175 мың теңгеден келеді. 

Ал Ташкент қаласының бюджеті 75,98 триллион сумға (2 трлн 963 млрд теңге) тең, халық саны 2 135 777 адам. Ал Ташкентте жан басына шаққандағы бір адамның шығыны 1 387 000 теңге. 

Бейжің қаласының бюджеті 5,9 триллион юань (шамамен 425 трлн теңге). Ал тұрғындар саны 17 013 303 адам. Сонда әр тұрғынға шамамен 24 980 000 теңгеден деген сөз. 

Бішкек қаласының бюджеті 32 миллиард 873 миллион сом (170 млрд 942 млн 807 мың теңге). Халық саны 7 384 985 адам. Өңірде әр тұрғынға шамамен 23 000 теңгеден келеді. 

Бішкекті Ақтөбе қаласымен салыстыруға болады. Ақтөбеде 598 мың адам тұрса, Бішкекте халық саны шамамен 7,3 миллион адам.

Алайда бюджет көлемінде  ұқсастық бар. Ақтөбенің бюджеті 201,4 миллиард теңге болса, Бішкектің бюджеті шамамен 170,9 миллиард теңге деңгейінде.

Бұл халық саны айтарлықтай көп болғанымен, Бішкек бюджеті Ақтөбеден төмен екенін көрсетеді. Мұндай айырмашылық экономикалық құрылым мен қаржыландыру жүйесінің ерекшеліктеріне байланысты.

Нұрила Жұмаділлә
Сәрсенбі, 29 Сәуір, 2026 09:00