Ауылдық округтердің бюджетін мүлік салығы мен лицензиялық алымдар есебінен кеңейту ұсынылды

Парламент Мәжілісі ауылдық округтердің қаржылық дербестігін арттыруға және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға бағытталған түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Құжат Президенттің тапсырмаларын, соның ішінде мәслихат депутаттарының форумдарында айтылған міндеттерді орындау үшін әзірленді. Ол жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіруге және әкімдердің диалог алаңын дамытуға бағытталған. Атап айтқанда:
- Ұғымдарды нақтылау;
- Жергілікті қоғамдастық жиындары мен жиналыстарын өткізу тәртібін реттеу ұсынылады.
Заң жобасындағы жаңалықтардың бірі – кірістердің бір бөлігін ауылдық округтер деңгейіне беру. Бұған заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлік салығы, сондай-ақ тіркелген жері бойынша құжат тапсырғанға немесе рұқсат алғанға дейін төленетін лицензиялық алымдар жатады.
Бұдан бөлек жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге азаматтардың қатысуын кеңейту, соның ішінде аумақтық өзін-өзі басқаруды дамыту шаралары ұсынылады.
Мәслихаттар қызметінің тиімділігін арттыру үшін депутаттардың өкілеттіктері, жауапкершілік шаралары мен әлеуметтік кепілдіктері нақтыланады.
- Депутаттарды сайлаушылар алдында әр алты ай сайын есеп беруге міндеттеу;
- Депутаттардың отырыстарын онлайн көрсету;
- Депутаттық сауалдарды көпшілікке ашық түрде жариялау ұсынылып отыр.
Заң жобасында мәслихат аппаратының басшысын қызметке тағайындау және босату тәртібі анықталып, оның өкілеттіктері бекітіледі. Мәслихат төрағасы бір адамды екі рет қана сайлана алады.
Сондай-ақ заң жобасы аясында ауыл әкімдерінің функционалдық міндеттері қайта қаралады.
Өрт сөндіргіш, дәрі қобдишасы, апат белгісі: 2026 жылы Қазақстанда көлікте қандай заттар болуы керек