Төле бимен бетін ауыстырған қыз желі қолданушыларының наразылығын туғызды
Қазақстандық бойжеткен мобильді қосымшаның көмегімен қазақтың ұлы тарихи тұлғасы Төле би мен өзінің түрін ауыстырып, желі қолданушыларының ашуын туғызды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Төле би мен қыздың түрі ауысқан фотосуреті жақында ғана тараған. Қыз тарихи тұлғаның портретінің алдына тұрып алып фотоға түсіпті.
Бұл сурет әлеуметтік желідегі топтардың бірінде жарияланыпты. Пост авторы қыздың бұл қылығына қатты наразы болып, жазба қалдырған.
«Қазіргі жастар жаппай деградацияға ұшырауда», - депті автор.
Интернет қолданушылары да автормен келісіп, қыздың ұлы бидің бейнесін мазаққа айналдырғанына біраз ашулы жазбалар қалдыруда. Ал енді біреулер мұнда тұрған ешнәрсе жоқ екенін айтып, жай ғана күліп өтіпті.
Тағы оқыңыз: Төле би келінін қалай таңдаған
"Еркекке айналып, жас қыздармен қатынасқа түседі": Қазақстандық әйелдер түрмедегі былықтарды жайып салды
"Түрме - осы өмірдегі тозақ"
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды