Қазақстан биыл қарашада АҚШ-қа тікелей әуе рейстерін орындауға рұқсат алмақ

Үкімет отырысында жаңа халықаралық бағыттарды іске қосу мәселесі талқыланды. Қазақстан қараша айында АҚШ-қа әуе рейстерін орындауға рұқсат алуы мүмкін. Премьер-министр Олжас Бектенов бұл рейстер туралы мәселе бұрыннан айтылып келе жатқанын, алайда нақты нәтиже әлі жоқ екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев:
- Токио бағытын 2026 жылдың 4-тоқсанында ашу жоспарланып отырғанын;
- Нью-Йоркке (АҚШ) рейстер келесі жылдың 2-тоқсанында іске қосылуы мүмкін екенін айтты.
Сонымен қатар:
- қазір Астанадан 34 халықаралық рейс орындалады;
- жыл соңына дейін тағы 5 бағыт қосу жоспарланған.
Баяндамадан кейін Бектенов қысқаша:
“Айтылған сөз жүзінде ғана қалып қоймасын”, – деп ескерту жасады.
Осы жылдың қыркүйегінде Қазақстанға АҚШ-тың FAA IASA сарапшылары келеді. Олар Қазақстанның АҚШ-пен тікелей әуе рейстерін ашуға дайындық деңгейін тексереді. Мұны Үкімет отырысында Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінің басшысы Майкл Дэниел мәлімдеді.
Майкл Дэниелдің сөзінше, мамандар ұлттық заңнама мен қадағалау тәжірибесінің халықаралық стандарттарға сәйкестігін бағалайды. Осыған байланысты Азаматтық авиация комитеті ішкі бақылауды күшейтуді жалғастырып жатыр.
"Ведомствоның қадағалауында 104 эксплуатант, 973 әуе кемесі және 25 сертификатталған әуежай бар. Өткен жылы және осы жылдың бірінші тоқсанында 1,2 мыңнан астам тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша бұзушылықтар үшін 7 әуе компанияның, 4 оқу орталығының және 2 сервистік ұйымның қызметі уақытша тоқтатылды немесе толықтай тоқтатылды", - деді Майкл Дэниел.
Оған қоса Авиация әкімшілігі басшысы тағы қандай тексеріп жүріп жатқанын айтты.
"Сонымен қатар “Best Airport Service” жобасы аясында жолаушыларға қызмет көрсету сапасына аудит жүргізіліп жатыр. Биыл Қарағанды, Семей және Қызылорда әуежайлары алты айлық жаңғырту бағдарламасынан өтуде. Біздің негізгі мақсатымыз – 2026 жылдың қарашасында FAA CAT 1 мәртебесін алу. Бұл жобаны сәтті жүзеге асыру үшін Қазақстан авиация әкімшілігі тұрақты қадағалау мен бақылауды қамтамасыз етуі, инспекторлардың кәсіби деңгейін сақтауы және енгізілген халықаралық стандарттарды одан әрі жүзеге асыруы қажет. Аталған шаралар Қазақстанға ИКАО стандарттары мен ұсынылатын практикасына, FAA талаптарына сәйкес ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау және қадағалаудың тиімді жүйесін қолдауға мүмкіндік береді”, – деді Майкл Дэниел.
Айта кетейік, бұған дейін 2026 жылы Алматы мен Нью-Йорк арасында тікелей рейс ашылатыны айтылған еді.
"Жүрегім Қазақстан деп соғады": Елімізді ұнатып қалған үндістандық боксшы енді Қазақстан атынан сынға түспек