Бірыңғай QR, бірдей әдет: Halyk клиенттеріне QR арқылы төлеу тиімді бола түсті

Бұған дейін QR арқылы төлем жасағанда, клиентке кассада қай банктің терминалы орнатылғаны маңызды болатын. Дегенмен қазір жағдай өзгерді. Halyk бірыңғай QR жүйесіне қосылғаннан кейін банк клиенттері Halyk SuperApp арқылы әртүрлі банктердің POS-терминалдарында төлем жасап, бонус алады.
Halyk 19 шілде мен 31 тамыз аралығында Halyk+ бонус бағдарламасының қатысушылары үшін арнайы акция өткізеді. Енді клиенттер басқа банктердің POS-терминалдарында Halyk QR арқылы төлем жасаған кезде 1% бонус ала алады.
Қатысу үшін Halyk SuperApp қосымшасын ашып, QR арқылы төлем жасау бөлімін таңдау, басқа банктің POS-терминалындағы QR-кодты сканерлеу және сатып алуды растау жеткілікті. Төлем аяқталғаннан кейін бонус автоматты түрде есептеледі.
Бір қарағанда 1% аз мөлшер сияқты көрінуі мүмкін. Алайда күнделікті шығындарды есептесек, бонустардың ойлағаннан да жылдам жиналатынын байқауға болады.
Акция 100 теңгеден бастап саудаға қолданылады. Бір клиент айына 20 000 бонусқа дейін ала алады. Бұл сома клиенттің қанша картасы барына қарамастан белгіленеді.
Айта кетейік, Halyk+ бағдарламасының қатысушылары Halyk QR арқылы Halyk POS-терминалдарында төлем жасаған кезде де клиент санатына байланысты 10%-ға дейін бонус алады.
Осылайша, енді клиентке дүкен таңдап, кассада қай банктің терминалы тұрғанына қараудың қажеті жоқ. Halyk SuperApp арқылы төлем жасау жеткілікті. Клиент Halyk терминалдарында төлем жасағанда 10%-ға дейін, ал бірыңғай QR жүйесін қолдайтын басқа банктердің POS-терминалдарында 1% бонус алуына болады.
Қазақстандық әйел ұлын 380 мың теңгелік "Жаңа Ұрпақ" лагерінде ұрып тастағанын айтты