Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық шабандоз өзіне көмектескен қырғызстандық балаға 3мың доллар жүлдесін берді

Шабандоз сыйақы
Фото: Видеодан скрин

Қазақстандық шабандоз жүлде жеңіп алуға көмектескен қырғызстандық балаға 3 мың долларға жуық сыйақысын табыстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға Қырғызстанда өткен халықаралық "Ыстықкөл кубогы – 2026" бәйгесі барысында болды. 

Жарыс кезінде қазақстандық шабандоз аттан құлап қалды. Сол сәтте қырғызстандық Алихан Асқарбеков есімді бала жүгіріп барып, жүйрікке қарғып мініп, бәйгені жалғастырды. Аламан бәйгеде Алихан мәре сызығын үшінші болып кесіп өтті.

Осыдан кейін қазақстандық шабандоз жеңіп алған сыйақысын, яғни 2,8 мың долларды Алиханға беруді ұйғарды.

Халықаралық "Ыстықкөл кубог – 2026" жарысы 21 шілде күні Қырғызстанның Ыстықкөл облысында өтті.

Жарыс бағдарламасында аламан бәйге, топ бәйге, құнан бәйге, қысқа қашықтыққа ат жарыстары және ат спортының өзге де түрлері болды. Турнирге Қазақстан мен Қырғызстанның шабандоздары қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар мен автокөліктер табысталды.
 

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 23 Шілде, 2026 08:41