Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2026 жылы Алматы мен Нью-Йорк арасында тікелей рейс ашылады

тікелей рейс ашыладыФото: ChatGpt

2026 жылы Қазақстанда Алматы-Нью-Йорк бағытында рейс ашылмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, әуе рейсі 2026 жылы ашылады. Бастапқыда бұл бағыт 2025 жылы іске қосылады деп уәде етілген еді. Алайда мерзім кейінге шегерілді. Дегенмен нақты күн әлі белгіленген жоқ.


"Жолаушылар дұға оқып, бортта дүрбелең басталды": Алматы–Ақтау рейсінде төтенше жағдай орын алды


"Рейске үлгермей қалғанын айтып, өзіне бензин құйған": Алматы әуежайында өзіне өрт қойған ер адам тұтанғыш сұйықтықты өзімен ала барған (видео)


"Келесі жылы Алматы – Нью-Йорк тікелей рейсінің ашылуы әріптестікті дамытуға қосымша серпін беріп, бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашады", – деді Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров.

АҚШ-қа тікелей рейс ашу туралы әңгімелер 2023 жылдан бері айтылып келеді. 2024 жылдың сәуірінде Қазақстан мен АҚШ-тың авиациялық әкімшіліктері келісімге жақындаған еді, алайда уәде сөз күйінде қалды. Соның салдарынан қазақстандықтар Нью-Йоркке тікелей рейсті енді 2026 жылға дейін күтуге мәжбүр.

Айта кетейік, бұған дейін 2026 жылы Алматы мен Токио арасында тікелей рейс ашылатыны туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Сенбі, 06 Қыркүйек, 2025 16:23
Талқылау