Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев үкіметке Қытай тәжірибесін қолдануды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Қытайдың халықты вакциналау және коронавирус пандемиясына қарсы іс-қимыл тәжірибесін ескеруді тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

«Қытай коронавирустың таралуын тоқтата алды. Ауруды әлемдегі алғашқы мемлекеттердің бірі болып тоқата алды. Сонымен қатар азаматтардың аурушаңдығын төмендетіп, экономиканың қалпына келуін қамтамасыз етті. Қытайдан сабақ ала отырып, Жапония, Оңтүстік Корея, Вьетнам және Сингапур сияқты Азия елдері пандемияны жеңуге бағытталған шешуші әрекеттерді сәтті қабылдады.

Сондықтан біз Қытайдың пандемиямен күресу және вакцинацияларды жүзеге асырудағы оң тәжірибесін ескеруіміз керек. Тұтастай алғанда бізге Қытай Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялық серіктесі екенін түсіну керек, Бұл елмен ынтымақтастық, әлемдегі екінші экономика, біздің елге тиімді және біздің мемлекетіміздің ұлттық мүдделеріне толық сәйкес келеді», - деді мемлекет басшысы Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуал туралы кеңесте.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды алғашқы мүмкіндікте вакцинация қабылдауға шақырды.


Талқылау