Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығыс басталғалы алғаш рет Иран президентімен хат алмасты

Фото: Ақорда

Қазақстан мен Иран Президенттері бір-біріне құттықтау хат жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Иран Ислам Республикасының Президенті Ораза айт пен Наурыз мейрамдарына орай Қазақстан Президентінің атына құттықтау жеделхаттарын жолдады.

Масуд Пезешкиан құттықтауында мейірім мен берекеге толы осы қастерлі күндері мұсылман елдері арасындағы татулық нығайып, өзара ықпалдастықтың тереңдеуіне септігін тигізетініне сенім білдірді.

Өз кезегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыста тұрақтылық орнауына және бауырлас халықтардың ынтымағы беки түсуіне тілектес екенін айтты. 

Президент қасиетті Ораза айт пен әз-Наурыздың жаңару рухы Иран халқына бейбітшілік және бақ-береке әкелсін деген тілегін жеткізді.

Еске салайық, бұған дейін Тоқаев Иран президенті “формальды мемлекет басшысы” екенін айтып, не үшін қоңырау шалмағанын түсіндірген еді. 

Назархан Уән
Жексенбі, 22 Наурыз, 2026 17:32