Тоқаев БАӘ президентіне Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты хат жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянға хат жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тоқаев өз хатында Таяу Шығыстағы қазіргі күрделі ахуал кезінде Біріккен Араб Әмірліктеріне қолдауы мен тілектестігін жеткізді.
Мемлекет басшысы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның тегеурінді, парасатты әрі көреген басшылығымен БАӘ қауіп-қатерді еңсеріп, қарқынды стратегиялық даму бағдарын жалғастыратынына сенім білдірді.
Тоқаев дипломатия және сындарлы диалог ұзақ мерзімді бейбітшілік пен тұрақтылыққа қол жеткізудің ең сенімді құралы екенін тағы да атап өтті.
“Мемлекет басшысының бұл хаты өзара сенімнің жоғары деңгейін, ынтымақтастықтың стратегиялық сипатын және Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері халықтарының арасындағы шынайы бауырластық қарым-қатынасты растайтынын көрсетеді”, – делінген Ақорда хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев Иран аумағынан БАӘ-ге жасалған шабуылдарды айыптаған еді. Өз мәлімдемесінде Тоқаев халықаралық даулы мәселелерді шешудің ең дұрыс жолы дипломатиялық тәсілдерге жүгіну екенін атап өтті.
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек
Экономист мамандар тұрғын үйдің қымбатшылығына не әсер етіп жатқанын айтты
Неге Қазақстан қалаларында аялдама бағасы пәтер құнымен тең: Әкімдіктер қанша қаржы жұмсайды?
Бір аялдаманың орташа құны шамамен 10,3 миллион теңге
Оқыңыз