Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Түнге дейін күзетіп жүреді": Аймағамбетов мейрамханада өтетін бітіру кеші үшін мұғалімдерді кінәламауды сұрады

Асхат АймағамбетовФото: Орталық коммуникациялар қызметі

Қазақстанда мектеп бітіру кешін өткізуге жаңа ереже енгізу ұсынылып жатыр. Оған сәйкес, түлектерге оқу жылын мектептен тыс жерде атап өтуге тыйым салынуы мүмкін. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов бұл бастамаға нақты баға беруден бас тартты. Бірақ соңғы қоңырауды қалай өткізу туралы шешімге мектеп пен мұғалімдер жауап бермеуі керек дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оның айтуынша, Оқу-ағарту министрлері жыл сайын шектеулер енгізеді. Ал мектептер бітіру кештерін өткізу тәртібін жыл сайын қайта реттейді.

Лимузин мен мейрамхана

Депутат соңғы қоңырау кезіндегі артық сән-салтанатты түсінбейтінін жеткізді.

“Ата-аналар өздері мейрамханада кеш ұйымдастырады. Лимузин жалдайды, қымбат  көйлектер сатып алады. Мұның бәрі де түрлі сұрақ тудырады”, – деді ол.

Мұғалімдердің кінәсі жоқ

Аймағамбетов мұндай шараларда оқушылардың әрекеті үшін мұғалімдерді жауапқа тартпауды сұрады. 

“Мен үшін ең бастысы 25 мамырдан кейін түнгі сағат екіде мұғалім мейрамхананың алдында күзетші болып тұрмауы керек. Бұл ата-ананың міндеті”, – деді депутат.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық мектептердегі түлектердің бітіру кешіне ақша жинауға, мейрамханаларда өткізуге тыйым салынатыны туралы жазған едік. 

Нұрила Жұмаділлә
Сәрсенбі, 15 Сәуір, 2026 17:06