Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында жасөспірімдер балаларды қорлап, сүйісуге мәжбүрлеген

жасөспірім буллинг
Фото: Видеодан скрин

Степногорск қаласында 16 жастағы жасөспірімдер өздерінен кіші балаларды қорқытып, мазақ еткен. Полиция тексеру жүргізіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Екі жасөспірім балаларды бұталардың арасына апарып, қорқытып, бір-бірін сүйуге мәжбүрлеген. Тіпті олардың сол сәтті телефонға түсіріп, тікелей эфир жүргізгені де айтылып отыр. Психологтар оқу жылының басталса балалар арасындағы буллинг көбейе ме деп алаңдайды.

Степногорсктегі бұл шулы оқиға туралы ата-аналар әлеуметтік желілерде жазды. Полиция тексеру жүргізіп жатқанын растады.

Алайда ата-аналардың пікірінше, балалар мен жасөспірімдер арасындағы буллинг жағдайлары полицияға сирек жетеді. Оның үстіне мектептердің өзі де статистикасын бұзғысы келмей, мұндай фактілерді жасыруға тырысады. Балалардың буллингке бейімділігін мектеп психологтары анықтауы тиіс. Алайда көп жағдайда олардың бұған уақыты жетпейді.

“Өкінішке қарай, бізге психологтардың өздері жүгінеді. Себебі оларға қысым жасалады. Олардан да есептер, шексіз кестелер толтыруды талап етеді. Оның үстіне түрлі іс-шаралар өткізу, тестілеу, әңгімелесу және тағы басқа жұмыстар бар. Психологтар жетіспейді. 2022 жылдан бастап пилоттық режимде енгізілген, ал өткен оқу жылында еліміздің барлық мектептері мен колледждерінде "ДосболLIKE" буллингке қарсы бағдарламасы іске қосылды. Оқу-ағарту министрлігінің пікірінше, бағдарлама оң нәтиже көрсетіп отыр”, – дейді “Педсоюз.кз” белсенді ата-аналар мен педагогтар педагогикалық қозғалысы блогының әкімшісі Елена Бантикова.

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің балаларды психологиялық сүйемелдеу басқармасының басшысы Раушан Козкееваның айтуынша, білім беру ортасында өзін қауіпсіз сезінетін, яғни, қауіпсіз аймақтағы оқушылардың үлесі 2%-ға артқан. Балалардың әлеуметтік оқшаулануы мен елемеу көрсеткіші 1,5%-ға төмендеп, буллинг жағдайларын анықтау көрсеткіші өскен.

Алайда бұл мәселе шенеуніктерді алаңдатып отырған жоқ. Олар бағдарламаның әсері бірнеше жылданкейін байқалады деп отыр. 

Ата-аналар арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде барлығы бірдей бағдарламаға көңілі толмайтыны анықталған. Олардың ұсыныстары ескеріліп, бағдарламаға өзгерістер енгізілді.

Буллинг құрбандарымен көп жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан психолог Татьяна Любчанскаяның пікірінше, балалар арасындағы әлімжеттік әлі де жойылған жоқ. Бірақ қазір ол көбіне әлеуметтік желілерге ауысқан. Көп жағдайда ата-аналар буллинг туралы балалар физикалық немесе психологиялық жарақат алғаннан кейін ғана біледі.

“Бұл – көптеген факторға байланысты күрделі мәселе. Сондықтан оның шешімі бізге қазір ұсынылып отырған тәсілден әлдеқайда күрделі болуы керек. Өйткені "анықтап, жазалау" мәселені шешпейді. Жаза қолдануға болмайды, оның орнына буллинг жасаған адаммен де, жәбірленушімен де жұмыс істеу қажет. Сондай-ақ булиингі сырттай бақылап, үнсіз қалатындармен жұмыс істеу керек. Олардың үлестік пайызы – 80-90%”, – дейді клиникалық психолог Татьяна Любчанская.

Психологтың пікірінше, бұл бағытта тұтас тәрбие жүйесі қажет. Оған тек білім беру саласы ғана емес, құқық қорғау органдары, ата-аналар және жалпы қоғам атсалысуы тиіс.

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 20 Тамыз, 2026 08:24