"Бір апта бойы еден жуып, қабырға боядым": Мұғалімнің шағымынан кейін Атыраудағы мектепте тексеріс басталды
Атыраудағы мемлекеттік мектептердің бірінде мұғалімнің кабинетті жөндеуге мәжбүрлегені туралы шағымынан кейін тексеріс басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мұғалім бұл жағдай туралы әлеуметтік желіде жазбасында мәлімдеді. Мұғалімнің айтуынша, жөндеу жұмыстарын аяқтағаннан кейін де басшылық оған түрлі тапсырмалар беруді жалғастырған.
"Бір апта бойы еден жудым, шаң сүрттім, қабырғаларды әктедім. Бірақ осыдан кейін де демалыс кезінде болмашы нәрселерге тиісуді жалғастырды. Мәселен, жарық қақпағының шаңыз сүртіңіз деді, ол үшін баспалдаққа шығып, электр құрылғыларымен жұмыс істеу керек. Мен мұны сыпайы түрде жасаудан бас тарттым. Мен мұғалім болып жұмыс істегім келеді", – деп жазды Threads қолданушысы.
Атырау облысының білім басқармасы аталмыш дерек бойынша тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады.
"Мұғалімдерді кәсіби міндеттеріне қатысы жоқ жұмыстарға заңсыз тарту деректері анықталған жағдайда, жауапты тұлғаларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қолданылады", – делінген хабарламада.
Білім басқармасы тексеру нәтижелері қосымша хабарланатынын атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін алматылық мұғалім де педагогтерді 1 қыркүйек алдында мектепті тазалауға мәжбүрлейтінін айтып, шағымданған еді.
Кинотеатр дәретханасына бармақ болған қазақстандықты билеті болмағаны үшін ішке кіргізбей қойған: Бұл заңды ма?
Заңгер қоғамдық орындардың адам қажеттілігін өтеуіне тыйым салуы заңға қайшы екенін алға тартты
36 миллион теңгеге пәтер алған қазақстандық баспанасына кіре алмай қалды: Бұрынғы иесі ақшаны алаяқтарға беріп қойған
Пәтердің бұрынғы иесі алаяқтарға алданғаннан кейін баспананы босатудан бас тартқан