"Сағындық": Көптен көрінбей кеткен актриса Сара Амангелді желіге қайта оралды
Көптен бері сахнадан да, кино саласынан да көрінбей кеткен танымал әнші әрі актриса Сара Амангелді әлеуметтік желідегі парақшасын қайта ашты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі парақшасында жаңа видео жариялады. Кадрлардан оның кештердің бірінде ән орындап тұрғанын көруге болады.

Сондай-ақ Сара Амангелді оқырмандарын сағынғанын жеткізді.
“Мен де сіздерді сағындым. Көптен бері айтқым келген әуен… “Келме маған”, – деп жазды ол.
Әншінің әлеуметтік желіге қайта оралуы жанкүйерлерін ерекше қуантты. Желі қолданушылары оның жазбасының астына жылы лебіздерін жарыса қалдырды.
“Өте қатты сағындық”, “Сахнадан көргеніме қатты қуаныштымын, жаным!”, “Сізді күткенімізге қанша уақыт болды. Өнеріңіз де, өзіңіз де, туындыларыңыз да ұнайды. Біз сізбен біргеміз”, “Біздің көз алдымыздан жоғалмаңызшы. Іздеуі бар әншісіз ғой. Сіздің даусыңыз бен әндеріңізді асыға, сағына күттік”, – деп жазды оқырмандар.
Еске салайық, бұған дейін кинопродюсер, сценарист Гүлнұр Мамасарипова қызы Сара Амангелдінің әлеуметтік желіден кеткенін растағаны хабарланған еді.
36 миллион теңгеге пәтер алған қазақстандық баспанасына кіре алмай қалды: Бұрынғы иесі ақшаны алаяқтарға беріп қойған