Аптап ыстықта Samal қоғамдық жұмыскерлер мен қала тұрғындарына су таратпақ

Жаз айларында ауа температурасы жоғары деңгейге жеткен кезде, ауыз су мәселесі ауқымды бола бастайды. Ыстықта күн астында ұзақ жүру – адам ағзасына ауырлық түсіретіні анық. Осы кезде су балансын тұрақты ұстап тұру – денсаулықты сақтаудың маңызды шараларының бірі.
Биыл ауызсу бренді Samal аптап ыстық кезінде тұрғындарға қолдау көрсетуге жұмыстарын жалғастырып жатыр. Компания күн сайын далада жұмыс істейтін адамдарға көмек көрсетіп, сондай-ақ су берілмей қалған жағдайда жедел әрекет етеді.
Бастаманың негізгі бағыттарының бірі – әлеуметтік қызметкерлерге, коммуналдық қызмет мамандарына, абаттандыру саласының қызметкерлеріне және жұмыс уақытының басым бөлігін далада өткізетін басқа да жұмыскерлерге ауызсу тарату. Бұл адамдар ауа райының қолайсыздығына қарамастан, өз міндеттерін атқарып, қалалық инфрақұрылымның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп, тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді. Арнайы акциялар барысында Samal өкілдері оларға күннің ең ыстық уақытында қолдау көрсету үшін ауызсу таратады.

Бренд өкілдерінің айтуынша, бұл бастама тек іс-шаралармен ғана шектелмейді. Samal командасы ауызсу қажет болған аудандарға, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге дайын.
Мұндай әлеуметтік жобалар брендтің қоғамды қолдауға бағытталған саясатының бір бөлігі саналады. Компания өкілдері судың әр адам үшін негізгі қажеттіліктерінің бірі екенін, әсіресе аптап ыстық кезінде оның маңызы арта түсетінін атап өтті. Сондықтан қиын жағдайға тап болған немесе ыстықта күн сайын жұмыс істейтін адамдарға қолдау көрсету маңызды.
Samal бастамасы жаз бойы жалғасады. Компания ауа райы жағдайын және сумен байланысты болуы мүмкін мәселелерді өз бақылауында ұстап, қажет болған жағдайда жаңа акцияларды ұйымдастырып, тұрғындарға көмек көрсетеді.
36 миллион теңгеге пәтер алған қазақстандық баспанасына кіре алмай қалды: Бұрынғы иесі ақшаны алаяқтарға беріп қойған