Қазақстандық TikTok-тағы тікелей эфирден кейін көше сыпыруға жіберілді
Қызылорда облысында TikTok желісіндегі тікелей эфирде бірнеше рет балағат сөз айтқан 36 жастағы тұрғын жауапқа тартылды. Сот оған 60 сағат қоғамдық жұмыс жазасын тағайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полиция мәліметінше, Сырдария ауданының тұрғыны Қуаныш Олжабаев TikTok-та тікелей эфир жүргізу кезінде бірнеше рет әдепсіз сөздер айтқан. Құқық бұзушылық жасаған сәтте оның алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.
Сот ер адамның әрекетін ұсақ бұзақылық деп танып, оны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Нәтижесінде оған 60 сағат қоғамдық жұмыс істеу жазасы тағайындалды.
Қазір тұрғын сот белгілеген жазасын өтеп жүр. Ол көшелерді сыпырып, аумақты арамшөптен тазартып, басқа да қоғамдық жұмыстар атқарып жатыр.
Полиция әлеуметтік желідегі әрекет те заң аясында бағаланатынын ескертті. Тікелей эфирде немесе басқа интернет алаңдарында құқық бұзу жауапкершіліктен босатпайды.
Еске салайық, бұған дейін
Н.Сац атындағы театр нысанының қазіргі көрінісі алғашқы эскизге сәйкес келмейді: Жоба нобайы не себепті өзгертілді
Урбанист: "Қасбетке елеулі өзгеріс енгізілсе, жоба қайта келісілді деген сөз"
Қазақстан электр тапшылығына дайын ба: Алматыдағы жарықтың жаппай өшуі нені көрсетті?
Маман: "Жарық өшсе қаланың қалыпты өмірін қанша уақыт сақтап қала аламыз"
