Құрылтай сайлауы – тәтті тартумен: Ақтөбелік кондитерлер арнайы десерттер топтамасын шығарды

Ақтөбе облысы Құрылтай сайлауына дайындықты жалғастырып жатыр. Өңірде алдағы маңызды оқиғаға орай түрлі қызықты бастамалар мен іс-шаралар ұйымдастырылды. Солардың бірі – кондитерлердің ерекше идеясы.
Ақтөбелік кондитерлер Құрылтай сайлауына арналған шектеулі десерттер топтамасын ұсынды. Арнайы топтамаға торттар, тәтті өнімдер және ұлттық тағамдардың бірі – жент кірді.

Бұған дейін бастамаға қоғамдық тамақтану саласының ондаған кәсіпорны қосылып, брендтелген кофе стақандары, қаптамалар және басқа да тақырыптық заттар шығарған болатын.