Астанада ер адамның өліміне күдіктілер 21 жылдан кейін табылды
Астанада 2005 жылы жасалған кісі өлтіру қылмысы 21 жылдан кейін ашылды. Полиция қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Павлодар облысының екі тұрғынын ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2005 жылы Астанада зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылған. Алайда сол кезде қылмысты ашуға мүмкіндік беретін жеткілікті айғақ болмаған.

Биыл полиция аталған қылмыстық істің материалдарын қайта қарап, архивтегі деректерді зерттеген. Сонымен қатар жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілген. Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар Павлодар облысының екі тұрғыны анықталған. Күдіктілер тамыз айында ұсталып, өз кінәсін мойындаған.
Қазір екі күдікті де қамауда. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
“Өткен жылдардағы қылмыстарды ашу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында”, – деді криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
Айта кетейік, бұған дейін Астанадағы түнгі клубта 18 жастағы жігітті ұрып өлтіргендерге үкім шыққаны туралы жазған едік.
Шымкенттегі алып қашу оқиғасы: Жігіттің туыстары оқиғаның мән-жайын айтып берді, ал қыз оны жоққа шығарып отыр