Астанада "Мәңгілік Ел" қақпасының маңында балағат сөздері бар ән айтқан шетелдік бойжеткенге айыппұл салынды (видео)
Астанада "Мәңгілік Ел" қақпасының маңында балағат сөздері бар ән айтқан шетелдік бойжеткен жауапқа тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астана қалалық полиция департаментінің қызметкерлері TikTok желісіне балағат сөздер мен әдепсіз сөздер айтылған видео жариялаған 25 жастағы шетел азаматшасын анықтаған.
“Видеоның Астанадағы Мәңгілік Ел даңғылында орналасқан триумфалдық арка аумағында түсіріліп, кейін әлеуметтік желіде жарияланғаны анықталды. Ангелина Ванинаға қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша материалдар жиналды.", – делінген хабарламада.
Сот шешімімен оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалған.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан туралы даулы мәлімдемелер жасаған ресейлік блогер айыппұл арқалап, елден шығарылғаны туралы жазған едік.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар