Халықаралық жарыстарда орын алған қазақстандық оқушыларға 6,5 миллион теңгеге дейін беріледі
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова енді оқушыларда 6,5 миллион теңгеге дейін мүмкіндік пайда болатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қомақты сома халықаралық олимпиадаларда орын алғандарға ғана табысталмақ. Қаражат көлемі жас дарынның алған жүлдесіне қарай есептеледі.
- Алтын медаль иегерлеріне 6,5 миллион теңгеге дейін;
- Күміс жүлдегерлерге 4 миллионнан астам;
- Қола алғандарға шамамен 2 миллион теңге.
Айта кетейік, биыл қазақстандық оқушылар жаһандық жарыстарда 1059 медаль алыпты. Сондай-ақ Колумбияда өткен физикадан халықаралық олимпиадада Қазақстан құрамасының бес мүшесі де алтын алып, тарихта болмаған нәтиже көрсетті.
Шымкенттегі алып қашу оқиғасы: Жігіттің туыстары оқиғаның мән-жайын айтып берді, ал қыз оны жоққа шығарып отыр
Қыз өзі келіп6 адам ұрлау фактісімен арыз жазды
Қазақстандық ер адам қолына бұрауыш тығып алып, көз жұмды: Туыстары дәрігерлердің салғырттығына шағымданды
Ер адам ауыр жарақат алғаннан кейін Ақтөбе медициналық орталығына жүгінген
