Тараздағы балабақшада аутизмі бар баланың қол-аяғын байлап тастаған
Тараздағы оңалту балабақшасында тәрбиешілер аутизмі бар балаға зорлық көрсеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға туралы баланың әпкесі айтып берді. Оның айтуынша, тәрбиешілер сөйлемейтін бауырының қолы мен аяғын байлап, ұйқыға жатқызған. Бұған дейін де тәрбиешілер балаға қол көтерген дейді ол. Кейін туыстары баланың басынан жарақат алып, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілгенін айтты.
Алайда балабақша әкімшілігі мекемеде өз-өзіне зиян келтіруге бейім балалар тәрбиеленіп жатқанын алға тартып, ешқандай ұрып-соғу болмағын айтып, ақталды.
Оқиғаға құқық қорғау органдары да араласып, Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі ("Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді қатыгездікпен ұштасып орындамау") бойынша іс қозғады.
“Қазір оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр. Тергеу амалдары жүргізілуде. Оның нәтижесі бойынша іске қатысы бар барлық тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі”, – деп мәлімдеді Жамбыл облыстық полиция департаменті.
Басқарма тергеу барысының облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында екенін атап өтті.
Қазақстандық мұғалімдер жұмыстан тыс уақытта түнгі рейдке шығуға әлі де мәжбүр екенін айтты: Оқу-ағарту министрлігі не дейді
Мұндай істі міндеттесе мектеп басшылығына 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынады
Түркістандық көпбалалы ана үйіне келіп жәрдемақыдан бас тартуды талап еткендерге шағымданды
Әсел: "Сөйте тұра маған “сіз А категориясындағы отбасына жатасыз" деді"
