Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

44 градусқа дейін ыстық болады: Қазақстан бойынша мамыр айына арналған ауа райы болжамы жарияланды

ТермометрФото: deposiphotos.com

Синоптиктер Қазақстан бойынша мамыр айына арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Қазгидромет” мәліметінше, мамырда ауа температурасы қалыпты деңгейден жоғары болады деп болжанады.

Синоптиктер мамыр айында әдетте көктем кезеңі аяқталып, жазға өту басталатынын еске салды. Биыл мамыр айында орташа айлық ауа температурасы климаттық нормадан 1–2 °C-қа жоғары болады деп болжанған. 

"Айлық орташа ауа температурасы Қазақстан аумағының басым бөлігінде +14+19 °C арасында болады деп күтіледі. Елдің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және шеткі оңтүстік-шығысында +20…+24 °C, ал оңтүстік-шығыс пен шығыс өңірлердің таулы аймақтарында +12…+14 °C шамасында болады", – делінген хабарламада. 

Сонымен қатар елдің оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы 44°C-қа дейін көтеріледі деп болжанады.

Мамыр айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде қалыпты деңгейде сақталады. Ал нормадан аз жауын-шашын Қызылорда облысы, Ұлытау облысы, Қарағанды облысы аумағының басым бөлігінде, Түркістан облысы, Жамбыл облысы, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстік жартысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстік-батысында және Абай облысының шеткі оңтүстік-батысында болады деп болжанады.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 15 Сәуір, 2026 19:47