Қарағандыда басына кірпіш құлаған баланың анасы ұлының қазіргі жағдайын айтты

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында басына ғимарат қасбетінің қаптама кесіндісі құлаған баланың жағдайы қалып келді. Оның қазіргі жағдайы туралы анасы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Анасының айтуынша, баланың басына қасбет кірпіші құлап, бас сүйегі зақымданды. Ол дер кезінде көмек көрсеткен дәрігерлерге алғыс айтты.
“Олар балама алғашқы көмек көрсетті. Хирург дәрігердің бар айтқанын жасадық. Ол дәл сол кезде Шахтинскте ота жасап жатқан еді. Ол келіп, баламның жағдайын тұрақтандырып, кейін ота жасады. Өте күрделі операция болды. Ота кезінде баламның жүрегі тоқтап, қан қысымы төмендеді. Кейін ол бір литр литр қан жоғалтқандықтан оған қан құйды. Қазір жағдайы бір қалыпқа келді. Өзін жақсы сезінеді. Көзін ашып, саусақтарын қимылдатуға тырысты. Мұның өзі жақсы көрсеткіш”, – дейді анасы.
Сондай-ақ қазір дәрігерлер консилиум жасап, баланы медикаментоздық ұйқыдан шығару немесе шығармау туралы шешім қабылдайды.
“Егер оятатын болса балам шок алып, қатты ауырсыну сезінуі мүмкін. Сондықтан бұл әлі талқыланады. Ал кейін баланы облыстық балалар ауруханасына жіберетінін не жібермейтінін шешеді”, – дейді әйел.
Еске салайық, бұған дейін мәдени ғимараттың қасбетінен қаптама кесіндісі баланың басына құлап, жарақаттағаны туралы жазған едік. Полиция болған жағдайға қатысты тергеу жүріп жатқанын айтты.
"Өлтіруге болатынын балаларға көрсетуге болмайды": Зообелсенділер бұралқы иттерді жоюға қарсы шықты