Қарағанды облысында үш жасар баланың үстіне ғимарат қасбетіндегі кірпіш құлады

Фото: Freepik.com
Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында үш жасар балаға ғимараттың қасбетінің қаптама кесіндісі құлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұқар жырау ауданында мәдени ғимараттың қасбетінен қаптама кесіндісі құлады.
Қылмыстық кодекстің "Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бала медициналық мекемеге жеткізілді және дәрігерлердің бақылауында.
Полиция оқиға орнында тергеу тобы жұмыс істеп жатқанын қосты. Оқиғаның барлық мән-жайын толық және объективті түрде анықтау үшін тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Қазақстан паспорты несімен тартымды: Еліміздің азаматтығын алған танымал тұлғалар кімдер
Табысты кәсіпкерлер мен кәсіби спортшылар мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың бір құралы саналады
13 жыл бұрын үздік атанған алты шенеуніктің бесеуі сотталып кетті: Бұған не әсер етті
Тізімнің алғашқы төрттігіне Қуандық Бишімбаев, Самат Әбіш, Марат Бекетаев пен Дәулет Ерғожин енген