Молдова ТМД-дан келесі жылы ресми түрде шығатын болды

Молдова ТМД құрамынан ресми түрде 2027 жылдың сәуірінде шығатын болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мұны елдің Сыртқы істер министрі Михай Попшой мәлімдеді.
Оның айтуынша, президент Майя Санду Молдованың ТМД-дан шығуына байланысты парламент қабылдаған шешімдерге қол қойған. Осыдан кейін 8 сәуірде ұйымның Минскідегі хатшылығына ресми хабарлама жолданған.
Министрдің сөзінше, Молдова тарапы бұл хабарлама жеткені туралы растау да алған. Осылайша, рәсім ресми басталғаннан 12 ай өткен соң республика Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан толықтай шығады.
Айта кетейік, бұған дейін Молдова ТМД құрамынан шығу туралы заң қабылдағанын жазған едік.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды
Оқыңыз