Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жалған туристік фирманы қалай анықтауға болады: Қазақстандықтарға арналған кеңестер

тур қауіп-қатер

Фото: pexels.com

Мамандар қауіп-қатердің алдын алу үшін қазақстандықтарға турды дұрыс рәсімдеу бойынша кеңес берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ведомство азаматтарға туроператордан тур сатып алар алдында сатылымның заңдылығын және өз құқықтарын қорғауды растайтын құжаттар пакетін сұрап, мұқият тексеруді ұсынды. Сонымен қатар турагенттіктің мемлекеттік электронды реестрге енгізілгені оның ресми мәртебесін дәлелдейтінін атап өтті.

"Ең маңызды кезең – туристік қызмет көрсету туралы шартқа қол қою. Бұл құжатта сапардың елі мен мерзімі, толық құны, төлем және турдан бас тарту шарттары, тараптардың жауапкершілігі, сондай-ақ ақшаны қайтару тәртібі нақты көрсетілуге тиіс. Қаржылық құжаттарға ерекше назар аудару қажет. Төлем жасағаннан кейін міндетті түрде фискалдық чек талап етілуге тиіс. Сонымен қатар қаражатты менеджерлердің жеке шоттарына аударуға болмайды, себебі тек ресми төлем құжаты ғана мәміленің жасалғанын растайтын дәлел болып саналады", – деп түсіндірді спорт және туризм министрлігі.

Ведомствоның айтуынша, тур толық броньдалып, төлем жасалғаннан кейін агент сізге сапарға қажет құжаттар пакетін беруге тиіс.

Олардың құрамына мыналар кіреді:

  • Қонақүй, тамақтану және трансфер көрсетілген ваучер;
  • Әуе билеттері немесе маршруттық квитанциялар;
  • Сақтандыру полисі;
  • Туристердің құқықтарын міндетті түрде қорғау жүйесі аясында кепіл болатын туркод.

Министрлік бұл құжаттар туристің қауіпсіздігін және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ететінін атап өтті.

Сондай-ақ төтенше жағдайға тап болған кезде туристерге Қазақстан Республикасындағы шығу туризмі саласында азаматтардың құқықтарын кепілдендіру жүйесінің "Туристік Қамқор" жедел желісіне дереу хабарласуға кеңес берді.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 13 Мамыр, 2026 16:28