"+35°C-қа дейін көтеріледі": Алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы қандай болады

14-16 мамыр күндері Қазақстан аумағында ауа райына екі барикалық жүйе әсер етеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Синоптиктердің мәліметінше, елдің батысы мен оңтүстігі оңтүстік циклонның ықпалында болады. Бұл өңірлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз ауа температурасы +27, +35 °C-қа дейін көтеріледі.
Ал республиканың қалған бөлігінде суық антициклон сақталады. Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда түнгі уақытта 1-6 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.
Күндіз бұл өңірлерде ауа райы біртіндеп жылынады. Температура +12, +28 °C-тан +20, +30 °C-қа дейін көтеріледі.
Сондай-ақ республика бойынша жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл, ал түнде және таңертең солтүстік, шығыс өңірлерде, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында тұман күтіледі.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды
Оқыңыз