Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұманғарин қазақстандықтарды бағаға қанағат етуге шақырды

Жұманғарин
Фото: primeminister.kz

 

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қазақстандықтарға тұрғын үй мен көлік бағасының әзірге арзандандамайтынын айтты. Оның сөзінше, бағаның өспей тұрғанының өзі жақсы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақпаратты министр Мәжіліс кулуарында журналистердің жылжымайтын мүлік пен автокөлік бағасының арзандауына қатысты сұрағына жауап беру кезінде мәлімдеді.

"Қазір бір нәрсенің арзандайтынына күмәнмен қараймын. Баға тым болмаса өспей тұрса, соның өзіне қанағат ету керек", – деді Жұманғарин.

Айта кетейік, 2026 жылғы наурызда Қазақстандағы тұрғын үй нарығында жаңа үйлердің бағасы инфляциядан жылдамырақ өскен. 

 Еске салайық, бұған дейін Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов азық-түлік бағасы қымбаттауы мүмкін бе деген сауалға пікір білдіргені хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Сәрсенбі, 13 Мамыр, 2026 15:14