Қазақстандықтарға нөмірі мен смартфонын бөгде адамға беруге тыйым салынбақ

Қазақстанда абоненттік нөмірлер мен смартфондарды үшінші тұлғаларға беруге қатаң тыйым енгізу жоспарланып отыр. Бұл шектеу тек жақын туыстарға қолданылмайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл норма телекоммуникация нарығы мен деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына енгізілген.
Өзгерістің мақсаты – байланыс нарығындағы тәртіпті күшейту. Билік "сұр" телефондардың санын азайтып, IMEI нөмірін ауыстыру және бөтен нөмірлерді пайдалану арқылы жасалатын алаяқтық схемалардан азаматтарды қорғауды көздеп отыр.
Құжатқа сәйкес, елде абоненттік нөмір мен ұялы байланыс құрылғысын үшінші тұлғаларға беруге шектеу қойылмақ. Алайда бұл талап жақын туыстарға қолданылмайды.
"Биометриялық аутентификацияға қатысты нормалар Цифрлық кодекске сәйкестендіріліп жатыр. Сондай-ақ абоненттік ұялы байланыс құрылғыларын тіркеу тәртібін верификация арқылы жетілдіру көзделген. Бұл заңсыз әкелінген және “сұр” құрылғыларды пайдалануды азайтуға, сондай-ақ IMEI ауыстыру арқылы жасалатын алаяқтық схемалардың қаупін төмендетуге мүмкіндік береді", – деді премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
Оқыңыз