Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде оқушыларға сабақ кезінде және үзілісте телефон қолдануға тыйым салынбақ

телефон
Фото: magnific.com

Мәжіліс “Педагог мәртебесі мен білім беру мәселелеріне қатысты” заң жобасын екінші оқылымда қабылдады. Оған сәйкес, Қазақстан мектептерінде сабақ кезінде және үзілісте смартфон қолдануға тыйым салынбақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Заң жобасындағы басқа да өзгерістер:

Қазақстанда педагогтерге есепті бір уақытта қағаз және электронды форматта тапсыруға тыйым салынады. Бұл талапты бұзғаны үшін (мұғалімдерге емес) 10-нан 60 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған (43 250 — 259 500 теңге).

Мұғалімдерді білім беру қызметіне қатысы жоқ жұмыстар мен іс-шараларға тартқаны үшін де осындай айыппұл енгізіледі. Қазір мұндай жағдайда тек ескерту ғана беріледі.

Мұғалімдер онлайн-платформаларда міндетті түрде аккаунт жүргізуден және түрлі материал жариялаудан бас тарта алады. 

Мұғалімдер оқушыларға тек сабақ кезінде жауапты болады. Сонымен қатар ата-ананың балалардың өмірі, денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілігі күшейтіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық оқушыларға сабақ кезінде телефон қолдануға тыйым салатыны туралы жазған едік. Ол кезде заң жобасы мәжілісте қаралып жатқан. 

Нұрила Жұмаділлә
Сәрсенбі, 13 Мамыр, 2026 15:45