Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық оқушыларға сабақ кезінде телефон қолдануға тыйым салады: Заң жобасы мәжілісте қаралды

Оқушы мектеп телефон
Фото: magnific.com

Бүгін Парламентте педагог мәртебесі туралы заң жобасы қаралып, бірнеше маңызды шешім қабылданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстанда мектептерде мобильді құрылғыларды толықтай тыйым салу жоспарланып отырған жоқ. Алайда педагогтердің құқықтарын қорғау және білім сапасын арттыру мақсатында оларды пайдаланудың бірыңғай ережелері енгізіледі. Бұл нормаларды Мәжіліс депутаттары педагог мәртебесі мен білім беру мәселелері жөніндегі заң жобасын талқылау барысында қарастырды.

Құжатты депутат Асхат Аймағамбетов таныстырды. 

“Заң жобасы мұғалімдердің құқықтарын қорғауға және олардың мәртебесін арттыруға бағытталған. Негізгі шаралардың бірі – орта білім беру ұйымдарында ұялы телефондарды қолданудың бірыңғай ережелерін енгізу”, – деді Асхат Аймағамбетов.

Талқылау кезінде мәжілісмен Анас Баккожаев мектептерде телефондарды толық тыйым салуды ұсынды. Оның пікірінше, гаджеттер балалардың қызығушылығын төмендетіп, тіпті үзіліс кезінде де тірі қарым-қатынасқа кедергі келтіреді.

"Мұғалімдер балаларға артық сөз айтуға қорқады, мұны сіздер де жақсы білесіздер. Егер сіздерге осындай өкілеттікберілсе, бұл қандай нәтиже береді? Мектептерде заң бойынша телефонға толық тыйым салу туралы ұсынысқа қалай қарайсыздар?" — деп сұрады Анас Баккожаев.

Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов мектепте телефон қолданбау мәселесі тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде талқыланып жатқанын атап өтті. Қазір бұл процесті мектептердің өздері реттеп отыр.

"Шынымен де, қоғамда депутаттар тарапынан да, кейбір сарапшылар тарапынан да мектептерде телефондарды толық тыйым салу керек деген пікірлер айтылып жүр. Сонымен қатар бұл тәжірибені басқа елдер де қолданып жатыр: кейбірінде қолдануға рұқсат етіледі, кейбірінде шектелген. Біздің бүгінгі міндетіміз – балаларды заманауи цифрлық болашаққа дайындау", – деп түсіндірді вице-министр.

Бұған дейін қазақстандық оқушылар мектепте телефон пайдаланса, ата-аналарына айыппұл салынатыны туралы жазған едік.

Жаңа ережеге сәйкес, егер оқушы сабақ үстінде телефон қолданса, жауапкершілік ата-аналарға жүктеледі.

“Мен мұндай жағдайлардың көп екенін білемін. Мысалы, мұғалім барлық оқушыларға “телефондарды сөндіріңдер, сабақ кезінде қолданбаймыз” дейді. Бірақ кейбір оқушылар “ата-анам телефонды сөндіруге рұқсат бермейді, ол үнемі қосулы тұруы керек” деп жауап береді. Ал оқу – бұл күрделі іс, ол толықтай зейінді талап етеді”, – дейді парламент мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова.

Алғаш рет телефон қолданып, ереже бұзса – ескерту беріледі, ал қайталанса 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, бұл шамамен 19,5 мың теңге. Айыппұлды мектеп әкімшілігінің шақыруымен келген полиция қызметкері рәсімдей алады.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 29 Сәуір, 2026 14:06