"Қар аралас жауын мен қатты жел, тұман болады": Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға ауа райына қатысты ескерту жасады

Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға ауа райына байлынысты ескерту жасады. Алдағы күндері елдің басым бөлігінде жел күшейіп, қар аралас жаңбыр болжанып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрліктің мәліметінше:
- Павлодар, Қостанай, Алматы облыстарында және Алматы қаласында жаңбыр болады.
- Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Абай және Ақмола облыстарында кей уақыттарда жауын-шашын болжанды.
- Алматы, Жамбыл, Жетісу, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарында кей жерлерде қар аралас жаңбыр болжанды.
- Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында желдің күшеюі болжанған.
- Қостанай, Қарағанды, Жетісу, Алматы және Жамбыл облыстарында кей жерлерде тұман болады.
ОқыңызБұған дейін Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының тұрақсыздығына байланысты Алматы тұрғындары мен қонақтарына тауға шықпауды ескерткен еді. Соңғы күндері синоптиктер де жауын-шашынды ауа райын болжанып отыр.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды