Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ауа температурасы нөлден төмен": Синоптиктер еліміз бойынша алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады

алдағы күндері күн суиды
Фото: Depositphotos.com

“Қазгидромет” еліміз бойынша алдағы 11-13 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. Ел аймақтарында алдағы күндері күн суиды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Синоптиктердің мәліметінше, скандинавия аймақтарынан келген антициклон Қазақстан аумағына салқын ауа әкелді.

Суық ауа массаларымен күшейіп тұрған антициклон алдағы күндері де Қазақстанның ауа райына әсерін жалғастырады. Түнде солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасы нөлден төмен болады.

Антициклон ел аумағы бойынша жылжыған сайын, 13 мамыр түні оңтүстік-шығыс өңірлерде де аяз болуы ықтимал.

Айта кетейік, синоптиктердің болжамынша, мамырдың екінші және үшінші онкүндігінде елдің батысы, оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және орталығында күн қатты ысиды. Кей күндері ауа температурасы күндіз +33…+41 градусқа дейін көтерілуі ықтимал.

 Ақмола облысы

Кей жерлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел 9–14 м/с, кей жерлерде 20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде 3–8° жылы, солтүстік пен батыста үсік болуы мүмкін. Күндіз 17–22° жылы.

Алматы облысы

Шығыс пен таулы аймақтарда жаңбыр, найзағай. Жел 9–14 м/с, кей жерде 28 м/с-қа дейін. Түнде 1–6° жылы, кей жерлерде үсік жүреді. Күндіз 15–20° жылы.

Түркістан облысы

Батысында аздаған жаңбыр, найзағай. Жел 9–14 м/с, кей жерде 20 м/с-қа дейін. Түнде 12–17° жылы, күндіз 25–30° жылы.

Батыс Қазақстан облысы

Жауын-шашынсыз, бірақ шаңды дауыл болуы мүмкін. Жел 9–14 м/с, кей жерде 20 м/с-қа дейін. Түнде 13–18° жылы, күндіз 25–30° жылы.

Stan.kz
Дүйсенбі, 11 Мамыр, 2026 18:04