"Біреуге айтсаң, киноға түсе алмайсың деп қорқытты": Қазақстандық актер "Балапан" телеарнасында продюсерден зорлық көргенін айтты

Қазақстандық актер Нұрғали Нұғман бірнеше жыл бұрын "Балапан" телеарнасында жұмыс істеп жүргенінде продюсер тарапынан зорлық көргенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Актердың айтуынша, ол балалар арнасында продюсер болып жұмыс істеген сол туысының көмегімен кино мен сериалдарға түсе бастаған.
Бір түсірілім күнінен кейін әлгі ер адам актерды кабинетінде алып қалып, сексуалдық сипаттағы зорлық көрсеткен.
"Мен ол кезде кішкентай бала болдым. Қорыққаным соншалық, не істерімді де білмедім. Ол істейтінін істеп болған соң “Егер біреуге айтсаң, енді кино мен сериалдарға түсе алмайсың” деп қорқытты. Осылайша бұл біздің құпиямыз болып қалды", – дейді ол.
Актердің сөзінше, бұл жағдай оған ауыр психологиялық соққы болып, тіпті суицид жасауға дейін жеткізген. Алайда қазір ол осы оқиға туралы ашық айтуға шешім қабылдаған.
ОқыңызӘлеуметтік желіде оқиға жарияланғаннан кейін желі қолданушылары продюсердің есімін жариялауды және оның балалармен әлі де жұмыс істеп-жұмыс істемейтінін анықтауды талап етті.
Осыдан он жыл бұрын Нұрғали Нұғман балалар рөлдерімен танылып, кинофестивальде "Үздік актер" номинациясын жеңіп алған. Қазір ол байер болып жұмыс істейді.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?