Ғалымдар аз қимылдап, отырып жұмыс істейтін өмір салты қандай ауруларға әкелетінін анықтады

Ғалымдар аз қимылдап, көп уақыт тек отырып жұмыс істейтін өмір салты қандай ауруларға алып келетінін зерттеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Nature Communications журналына сілтеме жасап хабарлайды.
Мамандар фитнес-білезік тағып жүрген 15 мыңнан астам адамның деректерін зерттеген. Қатысушылар шамамен төрт жылға жуық уақыт бойы бақылауда болған. Орта есеппен олар күніне 7 400 қадам жасағанымен, күніне 12 сағатқа жуық уақытын отырып өткізген.
Зерттеу нәтижесі аз қимылдайтын өмір салты семіздік, 2-типті қант диабеті, гипертония, бауыр аурулары, депрессия және жүрек-қантамыр ауруларының қаупін арттыратынын көрсетті.
"Дене белсенділігі кейбір аурулардың қаупін азайтуға көмектеседі. Алайда жүректің ишемиялық ауруы мен жүрек жеткіліксіздігі кезінде адам қанша көп жүрсе де, ұзақ уақыт отырудың зиянды әсерін толықтай жоя алмайды", – делінген хабарламада.
Ғалымдар сондай-ақ шамадан тыс жүктеменің де әрдайым пайдалы еместігін атап өтті. Күніне шамамен 12 мың қадамнан кейін оның оң әсері төмендей бастаған.
Зерттеу авторлары денсаулықты сақтау үшін тек көбірек қозғалу ғана емес, ұзақ отыру уақытын да азайту маңызды екенін ерекше атап өтті.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
Оқыңыз