"Сендерді бір жыл күттім": Рудный тұрғыны аспанда белгісіз ұшатын нысан көргенін айтты

Рудныйда тұрғын аспаннан белгісіз ұшатын нысанды көргенін жеткізді. Айтуынша ол жыл сайын 10 мамырға қарай келіп көрінеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видео мен суреттерді жергілікті тұрғын QPair QPair атты YouTube парақшасына жариялаған.
Видео авторының айтуынша, ол мұндай құбылысты арнайы күткен. Себебі оның сөзінше, белгісіз нысандар қала аспанында жыл сайын дәл 10–11 мамыр күндері пайда болады екен.
“Оптиканы алдын ала дайындап, күтіп отырдым. Сосын олар ұшып келді. Тек 2023 жылы ғана болмады. Кеше бірінің үстіне бірі орналасқан екі нысан көрінді. Алдымен жұлдыз сияқты жарық пайда болды. Сол кезде оптиканы бағыттап: "Сәлем, жігіттер, сендерді бір жыл күттім" дедім”, – дейді тұрғын.
Оның айтуынша, үстіңгі нысан тәрелке пішінді болған. Күмбезінде төменге бағытталған жарық жанып тұрған. Ал төменгісі пирамидаға ұқсас болғанымен, қараңғыда анық көрінбеген.
Рудный тұрғынының сөзінше, нысандар қала үстінде шамамен 21 минут қалықтап тұрып, кейін "жыпылықтап ғайып болған".
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
Оқыңыз