Украина президенті кеңсесінің экс-басшысы Андрей Ермак 5 миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Украинаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдары бұрынғы президент кеңсесінің басшысы Андрей Ермакты Киев маңындағы элиталық құрылыс арқылы 460 млн гривнаны (5,06 миллиард теңге) заңдастырды деп күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DW.com сілтеме жасап хабарлайды.
Украинаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдары Украинадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізгі тергеу органы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы прокуратура. Ермакты қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыруға қатысы бар деп санайды.
Тергеу мәліметінше, әңгіме Киев маңындағы элиталық құрылыс жобалары арқылы 460 млн гривнаны (5,06 миллиард теңге) жылыстату туралы болып отыр. Бұл ақпарат 11 мамыр күні кешке Украинадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктердің Telegram-арналарында жарияланған.
Тергеушілердің пайымынша, Андрей Ермак ұйымдасқан топ құрамында әрекет еткен. Бұл топты әшкерелеу "Мидас" операциясы аясында мүмкін болған.
Ал "Украинская правда" басылымының жазуынша, Ермак өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, "менде бір көлік пен бір пәтер ғана бар" деп мәлімдеген.
Айта кетейік, Украина президенті Владимир Зеленский Ермакты қызметінен 2025 жылғы 28 қарашада босатқан. Бұған дейін Ермак "Энергоатом" компаниясына қатысты жемқорлық дауы мен тінту шараларынан кейін өзі қызметтен кету туралы өтініш берген.
Андрей Ермак Украина президенті кеңсесін 2020 жылдың ақпанынан бері басқарған. Ол Владимир Зеленскийдің ең жақын серіктерінің бірі әрі елдегі ықпалды тұлғалардың бірі саналған.
Президент кеңесшісі Дмитрий Литвин бұл жағдайға таңғалмайтынын айтып, "бұл тақырып медиада бұрыннан айтылып жүр" деген пікір білдірген.
Еске салайық, ақпан айында 75 адам Садыр Жапаров пен Жогорку Кенеш төрағасына мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу туралы үндеу жолдаған. Осыдан кейін Қамчыбек Ташиев ҰҚК төрағасы және Министрлер кабинетінің төраға орынбасары қызметінен босатылды. Елдің ұлттық қауіпсіздік қызметінің құрылымына реорганизация жүргізілді. Бірқатар жоғары лауазымды тұлғалар қызметінен айырылды. Ал Нұрланбек Тургунбек уулу Жогорку Кенеш төрағасы қызметінен кетіп, депутаттық мандатын тапсырды. Құрманкул Зулушев те депутаттық мандатын өткізді. Кейін қылмыстық іс қозғалып, "75 хатқа" қол қойғандардың бір бөлігі қамауға алынды. Оларға жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру айыбы тағылып отыр. Бұған дейін мемлекет басшысы Қамчыбек Ташиевтің үндеу авторларымен кездескенін жоққа шығарғанын айтқан. Сонымен қатар Садыр Жапаров оның қайтадан мемлекеттік қызметке тағайындалмайтынын атап өтті. Ал Конституциялық сот президент сайлауы белгіленген мерзімде 2027 жылдың қаңтарында өтетінін түсіндірді.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
Оқыңыз