Қамчыбек Ташиев Қырғызстаннан кетті
Фото: gov.kg
ҰҚМК-ның бұрынғы төрағасы Қамчыбек Ташиев уақытша Қырғызстан аумағынан тысқа шыққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kg-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Ақпаратты “Регион” телеарнасының директоры Өктүрбек Рахманов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Рахмановтың айтуынша, ол уақытша сапарға аттанды. Жарияланған видеода оның шетелге шығу мақсаты және онда қанша уақыт болатыны жайлы мәлімет келтірілмеген.
Қамчыбек Ташиевтің елден шығуына байланысты мемлекеттік органдар тарапынан ресми түсініктеме берілген жоқ.
БАҚ мәліметінше, бұған дейін қоғамда Қамчыбек Ташиевке қатысты кадрлық шешімдер қызу талқыланған. Осы тұста оның алдағы жоспарына қатысты түрлі болжамдар да айтылып жүр.
2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды
Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстан президенті ҰҚМК төрағасы Камчыбек Ташиевті қызметінен босатқаны хабарланған еді.
"Қызымның арманы еді": Қазақстандық аналар баласын шетелге жіберуге рұқсат етпейтін әкелерге шағымданды
Әйел: "Талантты қызым конкурсынан қалды"
"Дәрігердің өзі қатерлі ісікпен 8 жыл жүрген": Маммолог сүт безі обырының алғашқы белгілері мен ерекше оқиғаларды айтып берді
Сүт безіндегі ауырмайтын түйін де қауіпті болуы мүмкін