Қырғызстанда Қамчыбек Ташиевке мемлекеттік төңкеріс әрекеті бойынша айып тағылды

Қырғызстанда бұрынғы жоғары лауазымды үш шенеунік – Қамчыбек Ташиев, Құрманкул Зулушев және Нұрланбек Тургунбек уулу (Шакиев) жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттену ісі бойынша ресми айыпқа ілікті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kg порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Қырғызстанда жоғары лауазымды үш бұрынғы шенеунік – Қамчыбек Ташиев, Құрманкул Зулушев және Нұрланбек Тургунбек уулу (Шакиев) мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттену ісі бойынша ресми айып тағылды. Бұл туралы адвокат Шердор Әбдіқапаров мәлімдеді.
Оның айтуынша, үшеуіне де бұған дейін осы іс бойынша басқа фигуранттарға тағылған баптар бойынша айыптар жарияланған. Айыптаулар жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және тергеу органдары мемлекеттік төңкеріс әрекеті ретінде бағалап отырған іс-әрекеттерге байланысты ауыр қылмыстарды қамтиды.
Күштік құрылымдардағы дереккөздердің мәліметінше, күдіктілер ІІМ-нің Бас тергеу басқармасында бірнеше сағат бойы жауап берген, кейін ғимараттан шыққан. Әзірге айыптардың нақты мазмұны мен тергеу барысы ресми түрде жарияланған жоқ.
Алдын ала мәліметтер бойынша, іс "75 адамның хаты" деп аталған құжатпен байланысты.
ОқыңызЕске салайық, ақпан айында 75 адам Садыр Жапаров пен Жогорку Кенеш төрағасына мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу туралы үндеу жолдаған.
Осыдан кейін Қамчыбек Ташиев ҰҚК төрағасы және Министрлер кабинетінің төраға орынбасары қызметінен босатылды. Елдің ұлттық қауіпсіздік қызметінің құрылымына реорганизация жүргізілді. Бірқатар жоғары лауазымды тұлғалар қызметінен айырылды. Ал Нұрланбек Тургунбек уулу Жогорку Кенеш төрағасы қызметінен кетіп, депутаттық мандатын тапсырды.
Құрманкул Зулушев те депутаттық мандатын өткізді. Кейін қылмыстық іс қозғалып, "75 хатқа" қол қойғандардың бір бөлігі қамауға алынды. Оларға жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру айыбы тағылып отыр.
Бұған дейін мемлекет басшысы Қамчыбек Ташиевтің үндеу авторларымен кездескенін жоққа шығарғанын айтқан. Сонымен қатар Садыр Жапаров оның қайтадан мемлекеттік қызметке тағайындалмайтынын атап өтті. Ал Конституциялық сот президент сайлауы белгіленген мерзімде 2027 жылдың қаңтарында өтетінін түсіндірді.