"Әулетіміздің еркетотайы": Мөлдір Әуелбекова келінінің арманын орындады

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова келінінің арманын орындап, оған су жаңа темір тұлпар сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, видео жариялады. Әншінің айтуынша, көлік тізгіндеу келінінің арманы болған.
“Әулетіміздің еркетотайы! Келінімнің арманын орындау маған бұйырыпты! Су жаңа тұлпарың жақсылыққа жүргізсін! Ортамызда осылай жарқырап жүре бер, ботақан!” – деп жазған ол.
Айта кетейік, бұған дейін КешYou тобы мерейтойлық концертінің алдына көпшіліктің назарын аударған еді. Атаулы датаға орай BM Production Youtube арнасында 2 бөлімді деректі фильм шығарды. Онда топтың құрылу тарихы, алғашқы қадамдар, ұжым ішіндегі интрига, бәсеке, қызғаныш, драма, эксклюзивті фактілер айтылған.
Ал әнші Мөлдір Әуелбекова болса концертке қатысудан бас тартты. Оның сөзінше, концерт өзісіз де жоғары деңгейде өтеді. Ол, осылайша, өнер жолындағы үлкен бір тараудың бетін жабатынын жеткізді. Бұған продюсер Баян Алагөзова ашуланып, олардың арақатынасы шиеленісе түсті.
Продюсер деректі фильмде әншінің беделін барынша қорғауға тырысып жүргенде, Мөлдір Әуелбекованың ешкіммен ақылдаспастан концертке қатысудан бас тартқанына ашуланды. Ол сондай-ақ көпшіліктің қызу талқысына түскен “КешYou” туралы фильмнің үшінші бөлімін шығаруға дайын екенін жазды.
Элиталық мектеп оқушысының "Қазақстан тарихы оқытылмайды" деген сөзі шындыққа жанаспайды – Оқу-ағарту министрлігі
Оқыңыз