"Сатқын": Баян Мақсатқызы КешYou-дің концертіне қатысудан бас тартқан Мөлдір Әуелбековаға жауап берді

KeshYou-дің мерейтойлық концерті қарсаңында Баян Алагөзова мен Мөлдір Әуелбекованың арақатынасы шиеленісе түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Күні кеше әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желідегі парақшасында топтың 20 жылдығана орай ұйымдастырылған концертке қатыспайтынын мәлімдеген еді. Ал бүгін продюсер Баян Алагөзова Stories-інде әншінің суретін жүктеп, айтарлықтай өткір жауап қатты.
Продюсер деректі фильмде әншінің беделін барынша қорғауға тырысып жүргенде, Мөлдір Әуелбекованың ешкіммен ақылдаспастан концертке қатысудан бас тартқанына ашуланды. Ол сондай-ақ көпшіліктің қызу талқысына түскен “КешYou” туралы фильмнің үшінші бөлімін шығаруға дайын екенін жазды.
“Мен енді саған өзіме де, сен үшін істеген бар дүниеме де түкіруіңе жол бермеймін! Сірә, енді оның неліктен болмысынан сатқын екенін айтатын уақыт келген сияқты. Мен фильмде оның беделін қолдан келгенше ақтап алуға тырысып жүргенімде, ол концертке қатыспайтынын ешкіммен ақылдаспай, біржақты шешіп қойған!” – деп ашуланды өнер иесі.
Еске салайық, бұған дейін Мөлдір Әуелбекова КешYou-дың концертіне қатыспайтынын мәлімдегені хабарланған еді.
Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның сөзінше, концерт өзісіз де жоғары деңгейде өтеді. Ол, осылайша, өнер жолындағы үлкен бір тараудың бетін жабатынын жеткізді.
“Кешьюдың концертіне қатыспау туралы шешім қабылдадым. Менсіз-ақ, алтын құраммен керемет кеш өтетініне сенімдімін. Осылайша, өнер жолымдағы үлкен бір кезеңнің бетін өзім үшін жабамын”, – деп жазды ол.
Биыл әншінің өнер жолына түскеніне 22 жыл толады. Ол осы уақыт аралығында тек сахнада емес, түрлі салада қызмет атқарғанын алға тартты.
“Дегенмен, осы 22 жыл ішінде мен Мөлдір Әуелбекова деген атты қалыптастырып, түрлі кезеңдерден өттім: сахнада да, әртүрлі лауазымдарда да қызмет атқарып, бизнеспен айналысып, кей сәттерде өнерден алыстап, кейін қайта оралуға да үлгердім”, – деп жазды ол.
Әнші биыл жеке ән кешін ұйымдастыру туралы жоспарын бөлісті.
“Биыл өнерде жүргеніме 22 жыл, бұл аз да көп те емес, сол үшін бір есеп беру концертін беру менің міндетім. Сол үшін де концертімде жолыққанша менің тыңдарманым. Қисынсыз шоу емес, талғам мен сапаға құрылған өнер кешінде кездесейік”, – деп жазды өнер иесі.
ОқыңызАйта кетейік, 2006 жылы Мөлдір Әуелбекова КешYou тобының алғашқы құрамына енді. Бұл жоба оның музыкалық мансабындағы алғашқы үлкен баспалдаққа айналды. Алайда уақыт өте келе әнші топ форматын еңсергенін сезініп, жеке шығармашылығына ден қоюды жөн көрді. Өзінің шығармашылық жолын іздеу барысында ол ұжымнан бірнеше рет кетіп, кейін қайта оралған. Музыкалық қызметімен қатар Мөлдір өзін кинода да сынап көрді – оның дебюті KeshYou тобының құрамында жүрген кезеңге тұспа-тұс келген еді.
"Балалар еденге жатып, суға түспеген": "Өзенмұнайгаз" қызметкерлерінің балалары барған лагерь талапқа сай болмай шығып, 315 мың теңге айыппұл арқалады