Қазақстанда жасанды интеллект ең алдымен алмастыратын мамандықтар аталды
Жасанды интеллектінің кесірінен Қазақстанда 400 мыңға дейін адам жұмысынан айырылуы мүмкін. Мұны Еңбек вице-министрі Ербол Тұяқбаев мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оның айтуынша, бұл Еңбек ресурстарын дамыту орталығының алдағы 10 жылға жасаған болжамы.

“Көбіне көмекші персонал, бухгалтерлер, заңгерлер және адамның тікелей қатысуын қажет етпейтін басқа да мамандық иелері қысқартуға ұшырауы мүмкін”, – деді вице-министр.
Сондымен қатар ол жыл басынан бері 186 мың адамның жаңа мамандық бойынша қайта даярлау курсынан өткенін айтты. Қайта оқыту бағдарламалары еліміздің барлық өңірінде жүзеге асырылып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда биыл жыл басында “Жасанды интеллект туралы” жаңа заң күшіне енген еді. Құжатқа қол қойылғанына 60 күн өтті және рәсімдерге сәйкес құжат толық қолданыста. Біз адамдар енді нені ескеру керегін жаздық.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар
