Meta жасанды интеллектке жұмсалатын шығын артқандықтан, 8 мың қызметкерін жұмыстан шығарды

Әлемдік IT-алпауыт Meta шамамен 8 мың қызметкерін (10%) қысқартуды жоспарлап отыр. Мұндай шешім компанияның жасанды интеллект технологияларына ауқымды инвестиция құюымен байланысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.
АҚШ-тың технологиялық компаниясы Meta (оған Facebook, Instagram және WhatsApp кіреді) қызметкерлер санын қысқартатынын жариялады. Компания өкілдерінің мәліметінше, қысқарту шамамен 8 мың адамды қамтиды.
Шешімнің басты себебі – жасанды интеллектті дамытуға кететін орасан шығын. Биыл Meta бұл бағытқа 135 миллиард доллар (63,45 триллион теңге) жұмсамақ. Кейінгі үш жылдағы жалпы инвестиция көлемімен шамалас.
Компания бас директоры Марк Цукерберг бұған дейін 2026 жыл еңбек нарығы үшін бетбұрыс кезеңі болатынын айтқан. Оның пікірінше, жасанды интеллект қызметкерлердің өнімділігін айтарлықтай арттырған, енді бұрын бірнеше адам атқаратын жұмысты бір маман орындай алады.
Айта кетейік, биылдың өзінде Meta екі кезеңде шамамен 2 мың қызметкерін қысқартқан. Қазір жарияланған өзгерістер 2023 жылдан бергі ең ірі қысқарту болмақ.
Соңғы айларда компания қызметкерлердің компьютердегі жұмысын бақылап, оны жасанды интеллект модельдерін оқытуға пайдаланатынын да мәлімдеген. Кейбір қызметкерлер бұл тәжірибені "антиутопиялық" деп бағалаған.
Жалпы, IT секторында мұндай үрдіс күшейіп келеді. Мысалы, Amazon 30 мыңнан астам, Oracle 10 мыңнан астам қызметкерін қысқартқан. Ал Snap шамамен 1 мың адамды жұмыстан босатқан.
Сарапшылардың пікірінше, жасанды интеллекттің дамуы еңбек нарығына түбегейлі өзгеріс әкеліп, көптеген дәстүрлі жұмыс орындарының қысқаруына себеп болуы мүмкін.
ОқыңызЕске салайық, бұған дейін АҚШ-та калифорниялық қыз Instagram мен YouTube платформаларын сотқа беріп, олардың алгоритмдері балаларды тәуелді етіп, психикасына зиян келтірді деп айыптады. Іс аясында Meta және Google жауапкершілігі қаралған. Сарапшылар бұл процесс АҚШ-тағы әлеуметтік желілерге қатысты басқа да істерге әсер етуі мүмкін екенін айтады.
"Қазақ тілі тестінен өту қиын болып кеткен": Өзбекстаннан келген қандастар азаматтық бермей жатқанына шағымданды