Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әліби, өмір сүр!": Тоқалымен көңіл жарастырған жігітті кәсіпкер Қайрат Жамалиев қалай азаптады

Әліби ісі
Фото: Видеодан скрин

Халық арасында “Әліби ісі” деген оқиғамен танымал Әліби Жұмағұлов пен кәсіпкер Қайрат Жамалиевтың дауынан бері 11 жыл өтті. Сүйіктісімен көңіл жарастырғаны үшін жігіттен кек алған кәсіпкер Қайрат Жамалиев Әлібиді аяусыз соққыға жығып, азаптап қана қоймай, екі адамның қанын мойнына алуға мәжбүрлеген. Оқиғаның неден басталып, қалай дамығаны туралы Stan.kz редакциясы еске түсірді.

“Әліби ісі” осыдан 11 жыл бұрын Әліби Жұмағұловтың әкесі Нұрлан Жұмағұловтың әлеуметтік желідегі жазбасынан басталды. Жазбада ол ұлының азапталып, аяусыз соққыға жығылғаны туралы жазды. Сондай-ақ бетінің сау тамтығы қалмаған Әлібидің суретін жариялады. Нұрлан Жұмағұлов ұлына озбырлық көрсеткен кәсіпкер Қайрат Жамалиев екенін айтты. 

Әлібимен болған жағай қоғамда үлкен резонанс турдырып, жазба бір тәулік ішінде 7000 рет репост жазалды. Әлеуметтік желілерде жаңа хэштег – #Әлібиөмірсүр пайда болды.

Әліби өмір сүр

Оқиға неден басталды?

2015 жылғы 21 сәуір кешінде Әліби Қайрат Жамалиевтің ұялы телефонына хабарласып, оны Rixos Khan Shatyr Residences тұрғын үй кешенінің 21-қабатындағы 79 пәтерде кездесуге шақырған. Әліби пәтерге келгенде үш ер адамды – Қайрат Жамалиевті, оның досы Арман Әбілтаевты және жүргізуші Анатолий Прибытковты көреді. Олар жігітке қоқан-лоқы көрсетіп, кейін Әлібидің сөзінше, оны аяусыз ұрып-соққан, мойнына арқан салып тұншықтырған. Құлағын бокалмен кескен. Әкесінің айтуынша, ұлын дәнекерлеуші құралмен азаптап, басына секірген. Алайда бұл сөздер сот-медициналық сараптама қорытындысымен расталмаған.

Төрт сағатқа созылған қорлықтан кейін мұның барлығын ұйымдастырған ұйымдастырушысы Қайрат Жамалиев Әлібиді камера алдында “екі адамды өлтірдім” деп мойындауға мәжбүрлеген. Тіпті, олардың бірінің мәйітін Ільинка ауылына көміп тастағанын және осы “қылмыстары” үшін сыйақы ретінде BMW маркалы көлік алғанын айтқызған.

Фото: Нқрлан Жұмағұловтың Facebook парақшасынан/Әліби Жұмағұлов

Алайда Нұрлан Жұмағұловтың сөзінше, бұл көлікті ол 2015 жылдың қаңтарында Әлібидің досынан 24 500 долларға сатып алған.

Барлық қорлықтан кейін Әлибиді жартылай ес-түссіз күйде, көшеге тастап кеткен. Оның көлігін Прибытков айдап әкеткен, кейін ол көлік Астанада Можайская көшесінен табылды. Көлік ішіндегі телефон арқылы, әпкесінің телефонынан GPS жүйесі арқылы оның орны анықталған.

Әлібидің туыстары полицияға арыз бергеннен кейін, Қайрат Жамалиев 3 тәулікке ұсталды. 25 сәуірде Астанадағы Есіл аудандық соты прокуратураның өтінішін қанағаттандырып, кәсіпкерді 60 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды.

Қайрат Жамалиев
Фото: Tengrinews.kz

Онымен бірге Анатолий Прибытков та ұсталды, ал қылмысқа қатысы бар Арман Әбілтаев іздеуге жарияланды. Қоғамда үлкен резонанс тудырған бұл оқиғадан кейін және БАҚ-тағы жарияланымдардан соң қазақстандықтар Жамалиевке тиесілі ойын-сауық орындарына бойкот жариялай бастады.

Даудың басы – Қайрат Жамалиевтың көңілдесі Айнұр Исина

Екі ер адамның арасындағы жанжалдың себебі – Айнұр Исина болды. Ол – Жамалиевтің көңілдесі, ортақ некеден ұлы бар. Жамалиев Айнұр мен Әлибидің арасында қарым-қатынас болғанын біліп қойып, кек алмақ болады. Сөйтіп Әлибиді пәтерге "ашық сөйлесуге” шақырған.

“Айнұрмен Астанадағы бір кофеханада танысып, бірнеше ай кездесіп жүрдік. Мен оны қатты жақсы көрдім, бірақ оның азаматтық некедегі күйеуі мен баласы бар екенін білген соң, қарым-қатынасты тоқтаттым. Бірақ Айнұр маған қоңырау шалып, кездесуді жалғастыра берді”, – деген еді Әліби.

Алайда Айнұр Исинаның бұл оқиғаға қатысты өз нұсқасы бар. Оның айтуынша, олар расында да кофеханада танысқан, ол кезде Айнұр құрбысымен бірге болған. Ол жігіт өзін Алхан деп таныстырғанын айтады. Айнұрдың сөзінше, ол танысуға қызығушылық танытпаған және өзін мазаламауды сұраған. Сондай-ақ ол тапсырыс алуға кеткен кезде телефоны үстелде қалып қойған, ал Әліби сол телефоннан өзіне қоңырау шалып, телефонын таба алмай жатқанын айтқан. Келесі күні Әлібиден телефон қоңыраулары түсіп, кездесуге шақыра берген.

“Ол жігіттің "Маңызды нәрсе айтамын" деген сөздерінен кейін көңіл бөліп, сөйлескен. Әңгіме барысында Әліби өзінің жетім екенін, ата-анасының не тірі не өлі екенін де білмейтінін айтқан. Сондай-ақ ол вокзал маңында тұратынын және көбіне қаңғырып жүретінін жеткізген.

Айнұр Исина Жамалиевтың тоқалы
Фото: Today.kz

Айнұрдың айтуынша, Әліби Қайрат Жамалиевті өзі бақыламақ болып, кейін осы қызметі үшін ақша талап еткен. Сонымен қатар ол әйелге "жерге көміп тастаған мәйіттер" туралы айтқан.

“Мұндай әрекеттерден қорқып, оның нөмірін телефоннан бұғаттап тастадым. Бірақ Әлиби жасырын нөмірден қоңырау шалып, мазалауын тоқтатпады. Әр қоңырау шалған сайын ол менің азаматтық күйеуіме хабарласып, өзін тыңшылыққа жалдағаны туралы айтатынын және бәрін әшкерелейтінін айтып қорқытты”, – дейді әйел.

Исинаның айтуынша, Әліби Қайрат Жамалиевке де қоңырау шалған, ал оның әрекеті көптеген адамдардың өміріне кесірін тигізді деп санайды.

Айта кетейік, Айнұр Исина 2008 жылы "Мисс Астана" байқауының жеңімпазы атанған. Сонымен қатар, оның айтуынша, ол экономист мамандығын қызыл дипломмен бітірген.

Кәсіпкердің заңды әйелі кім?

Қайрат Жамалиевтің заңды әйелі Алёна Жамалиева журналистерге сұхбат беріп, күйеуінің беделін қорғау үшін олардың отбасылық өмірі туралы айтып берген еді. Оның сөзінше, Қайрат Жамалиев қамқор әке және ол өмір бойы отбасын асырау үшін көп еңбек еткен.

Алёна – білімі бойынша заңгер, бірақ өз мамандығы бойынша жұмыс істемеген. Ол 19 жасында Қайрат Жамалиевпен танысып, кейін оған тұрмысқа шыққан. Бұл – бизнесменнің екінші некесі, оның алғашқы некесінен бір қызы бар.

Алена Жамалиева
Фото: 365info.kz

Ал Алёнаның айтуынша, олар 15 жыл бойы бақытты өмір сүрген және төрт қыз тәрбиелеп отыр. Күйеуінің көңілдесі бар екенін ол осы оқиғадан кейін ғана білгенін айтқан. Бірақ ажырасатын ойы жоқ екенін ниеті жоқ екенін жеткізген.

“Қайрат сабырлы, жақсы адам және оны ашуландыру қиын. Ол әкесінен ерте айырылып, үлкен отбасының жалғыз асыраушысы болды, әскери қызметтегі тәртіп оның мінезін қалыптастырды. Күйеуімнің барлық мүлкі – оның ұзақ жылдық еңбегінің нәтижесі, ал заң бойынша оның жартысы маған тиесілі”, – деп сұхбат берді Алёна.

Сондай-ақ ол Әліби Жұмағұлов туралы “бай әйелдерге қызмет көрсеткен жиголо” деген ақпарат таратқан. Ал Әліби мұны "жала" деп атады.

Үшінші күдікті Арман Әбілтаевтың із-түссіз жоғалуы

Қылмысқа қатысы бар күдікті, әрі Қайрат Жамалиевтің жақын досы Арман Әбілтаев болған жағдайдан кейін ізім-ғайым жоғалып кеткен. Оны екі ай бойы іздеген. Алайда кейін Әбілтаевтың жасырынбағаны, тіпті Астанадағы ойын-сауық орындарының бірінде 35 жасқа толған туған күнін атап өткені белгілі болды. Оның караокеде ән айтып тұрған фотосын Әлібидің адвокаты Хамида Айтқалиева жариялаған.

Арман Әбілтаев
Фото: goodproject.kz/Арман Әбілтаев пен Қайрат Жамалиев

Туған күнінен бір ай өткен соң Арман Әбілтаев ұсталды. Астанадағы Ішкі істер департаметінің мәліметінше, ол сырт келбетін өзгертіп, сақал өсіріп жүрген.

Оның адвокаты Нұрлан Бейсекеев бұл жағдайды түсіндіріп, Әбілтаевтың біраз уақыт марқұм анасын еске алып діни рәсімдерге қатысқанын айтқан. Сол себепті ол сақал қойып, кейін оны алып тастаған.

“Арман кейін Астанаға оралып, полицияға өзі барып жағдайды түсіндіруді жоспарлаған, бірақ полиция оның алдын орап, ұстап алды. Әбілтаевтың оқиғаға қатысы жоқ, тіпті жағдайды ушықтырмауға тырысқанын дәлелдейтін "сенімді айғақ" берілді”, – деді Әбілтаевтың адвокаты.

Сондай-ақ желіде Абай облысының әкімі Берік Уәли мен "Әліби ісінің" фигуранты Арман Әбілтаевтың бірге түскен суреті пайда болды. Берік Уәли бұл суретке қатысты пікір білдірді. 

"Мен бұл сурет туралы ол БАҚ-та шыққан кезде ғана білдім, сол уақытта ғана бұл адамның істің қатысушысы екенін білдім. Бұрын оны білмейтінмін. Сол кезде біз құрылысшылармен кездестік, олардың ішінде бұл адам да болды. Біз әрқайсысымен жеке-жеке суретке түстік, ал кейін ол оны Instagram-да және басқа жерде жариялап, БАҚ-та шыққан. Шынын айтсам, оның өткен өмірін білмейтінмін және сол жерде ғана таныстым. Оның жеке өміріне қатысты ештеңе білмедім, бұған дейін кездескен емеспін. Оның ісі туралы мен сіздер, журналистер арқылы білдім. Сондықтан мұнда ешқандай сенсация жоқ. Мен барлығын ашық айтып тұрмын", – деді әкім.

Әліби Арман Әбілтаев
Фото: Әлеуметтік желіден

Берік Уәли сурет тамыз айында жарияланғанын атап өтті. Ол Әбілтаевтың кездесуге басқа құрылысшылар мен олардың серіктестерімен бірге келгенін айтты.

“Әліби ісі”

Сот процесі 2015 жылы 11 маусымда басталды. "Әлиби ісі" деп аталған іске қатысты екі ай ішінде БАҚ-та көптеген жаңа деректермен, болжамдар жарияланды. Жаңа фактілердің пайда болуы істі одан әрі күрделендіре түсті. Осы уақыт ішінде жәбірленуші ауруханада емделіп, кейін оңалту үшін Кореяға ұшқан. Ал Қайрат Жамалиев тергеу изоляторында болған.

Кәсіпкерге қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айып тағылды:

  • 194-бап — "Бопсалау";
  • 126-бап — "Заңсыз бас бостандығынан айыру";
  • 121-бап — "Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері".

Тергеу нұсқасы бойынша, Қайрат Жамалиев Әліби Жұмагұловтан көлік талап етіп қана қоймай, оны соққыға жыққан, сондай-ақ жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттер жасаған.

Сот анықтамасында көрсетілгендей, Әліби Жұмагұловты мұрнынан қатты қан кеткендіктен жуыну үшін әжетханаға жіберген. Сол сәтте Жамалиев пен Арман Әбілтаев арасында қылмыстық ниет туындап, жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттер жасалғаны айтылған.

Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша, Әліби Жұмагұловта жабық бас-ми жарақаты, бастың әр жеріндегі жарақаттар мен гематомалар, құлақ қалқандарындағы қан құйылу, көздің ақ қабығына қан құйылу, жоғарғы еріннің шырышты қабатының зақымдануы, төменгі еріннің жыртылған жарасы, бет сүйектерінің сынуы және ми шайқалуы анықталған.

Қайрат Жамалиев өзіне тағылған айыптардың ішінен дене жарақатын келтіру фактісін ғана мойындады. Ол сотта Айнұр Исинамен заңды некеде тұрғанын, ортақ балалары бар екенін де айтқан.

Айта кетейік, Әліби Жұмагұлов 200 миллион теңгеден астам моральдық өтемақы өндіру туралы талап арыз берген, алайда сот бұл талапты қараусыз қалдырған.

Алдын ала тыңдауда Қайрат Жамалиевтің адвокаты Сәлімжан Мусин прокурорды біржақты болды айыптап, тергеу барысында айыптау актісінің көшірмесі берілмегенін және бұл заң бұзушылық екенін айтқан. Қорғау тарапының пікірінше, іс кәсіпкердің мейрамханалары мен құрылыс компаниясын тартып алу үшін қолдан жасалған.

Сотталушыларға қандай жаза тағайындалды?

2015 жылғы 7 тамызда сот үкімі шығып, Қайрат Жамалиев 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеу және мүлкін толық тәркілеу жазасы тағайындалды. Арман Әбілтаев 12 жылға сотталып, қатаң режимдегі колонияға жіберілді және оның да мүлкі тәркіленді. Ал бизнесменнің жүргізушісі Анатолий Прибытков 8 жылға қатаң режимдегі колонияға сотталып, мүлкі тәркіленді.

Қайрат Жамалиев сот үкімінен кейін бірден қымбат автокөліктерінен, бірнеше компаниядағы үлестерінен, банктік шоттарынан және мейрамханаларынан айырылды. Нақты айтқанда, мемлекет кірісіне мына активтер тәркіленді:

  • ТОО PetroMunaiContract-тың 50% үлесі;
  • ТОО HOST-тың 45% үлесі;
  • ТОО "Империя Лото-2012"-нің 60% үлесі;
  • ТОО "Паритет 2003"-тің 50% үлесі;
  • ТОО Villeroy KZ-дің 51% үлесі;
  • Lexus, Mercedes, Lamborghini маркалы көліктер;
  • "Банк ЦентрКредит" АҚ-дағы шоттағы қаражат.

Кәсіпкердің заңды жұбайы Алёна Жамалиева мүліктің жартысын өзіне беру туралы сотқа талап арыз берген. Ол бірнеше рет өтініш бергенін, бірақ соттар оның өтініштерін қараудан бас тартқанын айтқан. 2016 жылғы 25 ақпанда Астана қаласының азаматтық соты оның ісін тоқтатқан.

47,5 миллион теңге тұратын Lamborghini автокөлігі Алёнаның өтінішінен кейін саудадан алынып тасталған. Бұл көлік 25 қаңтарда сатылымға қойылған, ал келесі күні Жамалиевадан арыз түскеннен кейін оны сатудан алып тастағаны хабарланды.

Кейін бұл көлік қайтадан аукционға қойылды, бұл жолы голландиялық әдіс бойынша. Бастапқы бағасы 237 905 000 теңге болды. Сонымен қатар спорткардың ең төменгі сатылу бағасы 38 064 800 теңгеден төмен болмауы тиіс еді.

Барлық арестті алып тастау, көлікті тіркеуге қою, салық берешектері мен айыппұлдарды төлеу сияқты міндеттер сатып алушыға жүктелді. Сондай-ақ көлікті сақтау орнынан алып кету де сатып алушының өз есебінен жүзеге асырылуы керек болды. Бұған қоса, автокөліктің кілттері де болмаған. Алайда бұл жолы да Lamborghini-ні сатып алушы табылмады. Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті көлік сатып алушы табылғанша қайта-қайта аукционға шығарылатынын түсіндірді.

Көлікпен бірге аукционға Қайрат Жамалиевтің екі ұялы телефоны – iPhone және Vertu да қойылып, кейін олар сатылып кеткен.

Қайрат Жамалиев Алматы облысы Заречный кентінде орналасқан ЛА-155/8 мекемесінде жазасын өтеді. 

2017 жылы Қайрат Жамалиевтің жаза мерзімі алты жылға қысқартылды. Бас прокуратура оның әрекеті "аса ірі көлемдегі бопсалау" бабынан "ірі көлемдегі бопсалау" бабына қайта сараланғанын түсіндірді. Соның нәтижесінде жаза мерзімі 10 жылдан 7 жылға дейін азайтылды.

2017 жылдың соңында Жамалиев колония-қонысқа ауыстырылды. Сол кезде оның қалған жаза мерзімі шамамен 4,5 жыл екені хабарланған.

2017 жылдың қыркүйегінде Қайрат Жамалиевтің басы тағы дауға қалды. Қоғам белсендісі Константин Гудаускас Жамалиевтің колонияда артықшылықпен өмір сүріп жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, барлық тексерулерге қарамастан, Жамалиевтің жағдайы ерекше болған. Тіпті ол журналистің көзінше сотталған адамға түрмедегі жеке ұялы телефоны арқылы хабарласқан.

2018 жылы мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қылмыстық кодекстің 73-бабының 3-бөлігіне сәйкес, Ақмола облысы Көкшетау қалалық сотының шешімімен Жамалиевтің өтелмеген жаза мерзімі айыппұлмен ауыстырылғанын хабарлады. 

"Оған айыппұл Қылмыстық кодекстің 73-бабының 3-бөлігіне сәйкес тағайындалды. Есеп бойынша 4 күн бас бостандығынан айыру жазасы 1 АЕК-ке теңестірілген. Өтелмеген жаза мерзімі 1434 күн болғандықтан, айыппұл сомасы 862 193 теңге болды", – деп хабарлады Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.

Жамалиевтың жүргізушісі Анатолий Прибытков пен кәсіпкердің досы Арман Әбілтаев та 2018 жылы қамаудан босап шықты. Бұл туралы Қайрат Жамалиевтың адвокаты Сәлімжан Мусин айтты. Оның сөзінше, екі сотталушы Жамалиевтен қарағанда аз мерзімге қамалған.

Сондай-ақ Жамалиевтің адвокаты өз қорғауындағы клиенттің әлдеқайда ертерек бостандыққа шығатынына үміттенген.

"Мұның бәрі заңды әрі негізделген. Мен оның бұдан да ертерек орындалатынына үміттендім. Неғұрлым жеңіл жаза тағайындалады деп те күттім, бірақ қалай болды, солай болды. Өйткені менің ойымша, оған тағайындалған жаза жасалған әрекетке сай келмейді. Біздің қылмыстық заңнама осылай құрылған, және мен де белгілі бір жағдайлардан кейін – келтірілген залалды өтеу, жәбірленуші тараптың шағымының болмауы, тағайындалған жазаның үштен бірі өткеннен кейін – сотқа өтініш беруге құқық бар екенін қолдаймын. Бұл жерде шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жазаны жеңілірек жазаға ауыстыру сияқты бірқатар шаралар қарастырылған. Бұл дұрыс, өйткені қылмыстық құқықтың мақсаты – адамның түзелуіне мүмкіндік беру. Осы жағдайда сот барлық мән-жайды қарап, адамның түзелу жолына түскенін, жәбірленуші тараптан шағым жоқ екенін ескеріп, заңды шешім қабылдауға құқылы болды", – деген еді Сәлімжан Мусин.

Ақмола облыстық сотының баспасөз хатшысы Күләш Дәмелақова Қайрат Жамалиевке қатысты жазаның өтелмеген бөлігін айыппұлға ауыстыру туралы шешімді түсіндіріп берді.

Оның айтуынша, 2017 жылдың мамыр айында кассациялық саты Қайрат Жамалиевке және басқа да бірқатар тұлғаларға қатысты қылмыстық істі қайта қараған. Соған сәйкес сот үкімі өзгертілген.

"Сараптама нәтижелерін ескере отырып, сотталушылардың әрекеті қайта сараланды – аса ірі мөлшерде бопсалау қылмысы ірі мөлшердегі бопсалауға ауыстырылды. Жаза 13 жылдан 7 жылға дейін қысқартылды. Жамалиевтің жазаның өтелмеген бөлігін айыппұлға ауыстыру туралы өтініші жазасын өтеп жатқан мекеме орналасқан жер бойынша қаралды. Сотталған 2018 жылдың 5 қаңтарынан бастап Көкшетау қаласындағы ЕЦ-16624 мекемесінде жазасын өтеген. Сондықтан оның өтініші Көкшетау қалалық сотында қаралуға тиіс болды. Сот Жамалиевтің өтінішін қылмыстық кодекстің 73-бабына сәйкес қарады. Бұл бап ауыр қылмыс жасаған сотталған адамның жәбірленушіге келтірілген зиян толық өтелген және жазаны өтеу тәртібін өрескел бұзу болмаған жағдайда жазаның өтелмеген бөлігін жеңіл жаза түріне ауыстыруға мүмкіндік береді", – деді Дәмелақова Facebook парақшасында.

Қазір Қайрат Жамалиев кәсіпкерлігін жалғастырып жатқан көрінеді. 

 

Stan.kz
Бейсенбі, 14 Мамыр, 2026 10:00