Әйел тоғыз рет тұрмысқа шығып, күйеулерінің ақшасын алып қашқан
Үндістанның Махараштра штатында полиция жалған қалыңдық пен оның сыбайластарын іздестіріп жатыр. Олар бұған дейін тоғыз ер адамды алдап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі News 9 Live-қа сілтеме жассап хабарлайды.
Алаяқтар тобына қатысты тергеу Йогеш Шинденің арызынан кейін басталған. Оның айтуынша, ол болашақ жарын неке агенттігі арқылы тапқан. Ер адам ештеңеден күдіктенбеген. Алайда бірнеше күннен кейін жаңа түскен келіншегі оның ақшасы мен зергерлік бұйымдарын алып, қашып кеткен. Ал әйелді таныстырған агенттермен байланысу мүмкін болмаған.
Кейінірек Шинде алаяқтардың тоғызыншы құрбаны болып шыққаны анықталды. Ол әйелдің бұған дейін бірнеше рет тұрмысқа шыққанын білмегенін айтты. Әйел тек пайда табу үшін ғана күйеуге шығып отырған.
Қазақстандық дәрігерлер Республика күніне сыйақы берілмегеніне жаппай наразы болды: Сыйақыны кімдер алады
Сонымен қатар қолданушылар медицина қызметкерлерінің жалақысы мен әлеуметтік жағдайын жақсарту қажеттігін көтерген
Зейнетақы жинағын аннуитетке аудару тиімді ме, әлде БЖЗҚ-да қалдырған дұрыс па? Сарапшы түсіндірді
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын сақтандыруға асыққан жөн
