Ер адам неге үйленбегенін сұрай берген көршісін ұрып өлтірді

Индонезияның Суматра аралында 45 жастағы Сирегар Парлиндунган 60 жастағы көршісі, зейнеттегі шенеунік Ирианто Асгимді өлімші етіп сабаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 2024 жылғы 29 шілде күні кешкі сағат 20:00 шамасында болған. Сирегар Парлиндунган қолына бөрене алып, көршісінің үйіне келген де, ештеңе түсіндірместен оны ұра бастаған.
Ирианто үйден қашып шыққанымен, көршісі соңынан қуып жетіп, басынан бірнеше рет соққы жасаған. Ер адам есінен танып қалған. Жақын маңдағы тұрғындар төбелесті тоқтатып, зардап шегушіні ауруханаға жеткізбек болған. Алайда ол жолда көз жұмды.
Бір сағаттан кейін полиция күдіктіні ұстады. Тергеу кезінде күдікті көршісіне неге шабуыл жасағанын түсіндірген. Оның айтуынша, марқұм оның үйленбегенін жиі әжуалап, “қашан әйел аласың?” деп қайта-қайта сұрай берген.
Жергілікті басылымның мәліметінше, екі ер адамның арасында бұдан бөлек те кикілжің болған. Екеуі де тауық ұстаған, ал құстары кейде бір-бірінің ауласына кіріп кететін. Осыған байланысты олардың арасында жиі дау-дамай туындап отырған.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
Оқыңыз